Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Василий Девятко дәрігерлерге сөзін арнады
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. ҚазҰМУ ардагері, Қазақстанның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Девятко Василий Николаевич бұл карантин аяқталғаннан кейінгі алғашқы мерекелеу екенін атап өтті.
«Өте ауыр, әрі қиын болды. Біздің дәрігерлер алдыңғы қатарда тұрды. Өкінішке орай, жоғалтулар болды, оларға мәңгілік тағзым. Бүгін содан кейінгі алғашқы мерекелеу. Мұхит бір өзеннен болмайды, ол Амазонка, Лена немесе біздің Ертіс сияқты ең үлкен болғанмен, ол көптеген өзендерден құралған. Бүгінгі іс-шарада үш ректор бас қосып отыр – міне сабақтастық деген осы емес пе. Мен аға буынның атынан баршаңызды медицина қызметкері күнімен құттықтағым келеді. Біз оған лайықтымыз», – деді ол.
Іс-шара аясында ведомстволық және кәсіби наградалар табыс етілді. Сондай-ақ, ҚазҰМУ бұрынғы ректоры Талғат Муминов қатысып, жиналғандарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, іс-шара аясында С.Ж. Асфендияров атындағы үлкен медаль Талғат Нұрғожинге табыс етілді.