Гигиена және эпидемиология бойынша I Қазақстандық Олимпиадасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Гигиена және эпидемиология» кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен 03 наурыз – 10 сәуір 2018 ж. аралығында ҚР медициналық жоғарғы оқу орындарында білім алатын «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4, 5 курс студенттердің арасында «Қоғамдық денсаулық сақтаудың жаңа жағдайында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау» I Қазақстандық Олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаудық сақтау мектебінің 4, 5 курс студенттері Байназарова Айнұр Қалдыбекқызы, Нұрғали Мәрмәр Русланқызы қатысты. Олимпиада профильдік пәндері бойынша үш кезеңнен жүргізіліп, 1 кезең– on-line режимінде тестілеу; 2 кезең – on-line режимінде бизнес-кейс шешу; 3 кезең –студенттер мен жас ғалымдар арасында өтетін «Фараби Әлемі» V халықаралық ғылыми конференцияда медициналық секциясында ғылыми баяндама жасаудан тұрды.
1-кезеңге – 46, 2-кезеңіне -13, 3-кезеңге – 6 студент қатысты. Біздің студенттерді «Нутрициология» кафедрасының аға оқытушысы Қожахметова А.Н. дайындады. 2018 жылдың 10-сәуірінде С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаудық сақтау мектебінің 5 курс студенті Байназарова Айнұр Қалдыбекқызы тақырыбы: «Медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің денсаулық жағдайларына тамақтану сипатының әсерін бағалау» баяндамасымен шықты. Қорытындылай келе, жеңімпаздар анықталып, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің 5 курс студенті Байназарова Айнұр Қалдыбекқызы III дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға сертификаттар мен бағалы естелік сыйлықтар берілді. Олимпиаданы ұйымдастырушылар Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университеті, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті, С.Ж. Асфендияров атындығы ҚазҰМУ басшылығына, ғылыми жетекшілеріне және барлық Олимпиаданың қатысушыларына алғыс білдірді.