Гистология кафедрасы
2023 жылдың 30 қазаны мен 4 қараша арасында гистология кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті гистология кафедрасының профессоры Темирова Гульнар Аяғановна келіп, оқытушылар мен студенттерге дәріс оқып, сабақ өткізуде. Дәріс барысында нерв түтігінің дамуы, онда кездесетін даму ақаулары, қан түзетін мүшелердің гистологиялық құрылысы туралы кейінгі жаңалықтармен бөлісуде. Сондай-ақ екі университтеттің аттас кафедралары ғылыми жұмыс, студенттердің ғылыми жұмысы бойынша ақылдаса отырып жұмыстарын жалғастыруға шешім қабылдады. 2 курс студенттері аса қызығушылық танытуда.