Гохар Латиф Калиспен мотивациялық кездесу
27 қыркүйекте Конкордия театрында ҚазҰМУ халықаралық факультетінің студенттері мен ҚазҰМУ-дың 2005 жылғы түлегі – Пәкістаннан келген дәрігер Гохар Латиф Калиспен мотивациялық кездесу өтті. Ол сонымен қатар клиникада хирургия бөлімінде аспирантураның жетекшісі.
Дәрігер Гохар ҚазҰМУ-да медицина ғылымдарының докторы, PIMS-тен магистр дәрежесін алды және Англиядағы Нортгемптоншир университетінде робототехника және лапароскопиялық колоректальды және жалпы хирургия бойынша білім алды. Ол қазір Пәкістандағы Мохтарма Беназир Бхутто Шахид атындағы медициналық колледждің оқу ауруханасында хирург болып жұмыс істейді. Кездесу өте жылы және достық атмосферада, интерактивті форматта өтті.
Дәріс басында Гохар Латиф Калис студенттер арасында сауалнама жүргізді: «Сіз үшін оқудағы ең маңызды және мағыналы нәрсе не? Біздің университетте сіз үшін ең құнды нәрсе не? Қандай нәрсені ұғып (ашып), өзіңіз үшін алдыңыз?» Ол кейінірек өз баяндамасында осы сұрақтардың барлығын қамтыды. Студенттер доктор Гохардың мотивациялық сөзіне белсенді жауап берді және оған көптеген сұрақтар қойды, соның ішінде кәсіби сұрақтар да болды.
Дәрігер Латиф өз сөзін осылайша аяқтады: Мінезінде альтруизм басым болған адамдар ғана дәрігер болуы керек!