Грантқа қабылдау жарияланады: «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕНЕДЖМЕНТІ»
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мемлекеттік білім беру гранты бойынша магистратураның бейінді бағыттағы білім беру бағдарламаларына қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.
«Денсаулық сақтау менеджменті» бағдарламасы
Бұл бағдарлама — денсаулық сақтау саласында басқарушылық мансап құруды көздеген тұлғалар үшін тамаша мүмкіндік. Бағдарлама түлектері барлық деңгейдегі медициналық ұйымдарды тиімді басқаруға қабілетті кәсіби менеджерлер болып шығады.
Бағдарлама түлектерінің негізгі құзыреттері:
Персоналды басқару:
- Кадрлық саясатты әзірлеу және іске асыру;
- Қызметкерлердің сандық және құрылымдық құрамын оңтайландыру;
- Қызметкерлердің біліктілігін арттыру және уәждемесін күшейту;
- Ұжым ішіндегі қақтығыстарды шешу және қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру.
Қаржылық менеджмент:
- Бюджеттеу және қаржылық жоспарлау;
- Табыс пен шығыстарды бақылау;
- Қаржы ресурстарын тиімді пайдалану.
Стратегиялық жоспарлау:
- Ұзақ мерзімді мақсаттар мен даму стратегияларын әзірлеу;
- Сыртқы ортаны талдау және өзгерістерге бейімделу;
- Қабылданған шешімдердің тиімділігін бағалау.
Аурулардың алдын алу:
- Эпидемиологиялық жағдайды талдау;
- Алдын алу және профилактикалық бағдарламаларды жүзеге асыру;
- Медициналық көмектің сапасын арттыру.
Бағдарламаның басты артықшылықтары:
- Оқу мерзімінің қысқалығы: небәрі бір жыл ішінде денсаулық сақтау менеджменті саласындағы өзекті білім мен дағдыларды меңгеру мүмкіндігі;
- Кешенді тәсіл: персоналды басқарудан бастап стратегиялық жоспарлауға дейінгі мәселелерді қамтиды;
- Практикалық бағыттылық: оқыту нақты жағдайлар мен тәжірибелік тапсырмалар негізінде өтеді;
- Заманауилық: денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі даму үрдістері ескерілген.
«Қоғамдық денсаулық сақтау» бағдарламасы
Бұл бағдарлама — халық денсаулығын жақсартуға үлес қосқысы келетін және сұранысқа ие мамандық алуды мақсат тұтқан үміткерлер үшін тамаша мүмкіндік.
Түлектер келесі салаларда қызмет ете алады:
- Денсаулық сақтау саласын басқару: әртүрлі деңгейдегі медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау департаменттерінде басшылық лауазымдар атқару;
- Нормативтік-құқықтық қызмет: денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу, талдау, мемлекеттік бағдарламалар мен стратегияларды дайындауға қатысу;
- Оқыту және ғылыми қызмет: жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істеу;
- Санитарлық ағарту: халық арасында профилактикалық іс-шаралар жүргізу;
- Медициналық тәжірибе: медициналық мекемелерде тікелей көмек көрсету;
- Білім беру: қоғамдық денсаулық сақтау саласында білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу.
Бағдарламаның басты артықшылықтары:
- Пәнаралық тәсіл: медицина, әлеуметтану, экономика және басқару салаларын біріктіреді;
- Практикалық бағыттылық: оқыту нақты мысалдар мен жағдайлар арқылы жүзеге асырылады;
- Актуалдылық: қоғамдық денсаулық сақтаудың қазіргі даму үрдістеріне сәйкес келеді;
- Қысқа оқу мерзімі: бір жылда сұранысқа ие мамандық алу мүмкіндігі.
Толық ақпарат кешенді тестілеудің рәсімі мен талаптары туралы төмендегі сілтемелерде қолжетімді:
https://kaznmu.edu.kz/ru/магистратура
https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu
Байланыс телефоны: 8 708 827 6065



