«ДАРЫН» ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕ МҮШЕЛЕРІНІҢ «ҚАЗҰМУ-НЫҢ ТОП-100 ҮЗДІК СТУДЕНТІ» БАЙҚАУЫНДАҒЫ ЖЕҢІСІ
Оқу жылының соңындаҚазҰМУ-да «ҚазҰМУ–ның ТОП-100 үздік студенттері»атты байқау ұйымдастырылды, онда университеттің басқа да студенттерімен қатар «Дарын» үйірмесінің мүшелері де қатысты.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жедел және шұғыл медициналық көмек кафедрасының “ДАРЫН”студенттік ғылыми қоғамы, үш жыл бойыбелсенді түрде еңбек етуде. Ғылыми жетекшісі- медицина ғылымдарының докторы, профессор Мусаев А.Т., үйірменің төрағасы – президенттік шәкіртақы иегері, ЖМ факультетінің 5 курс студенті Жанен З.М.,және мүше ретінде құрамында 50-ден астам студент бар.
Осы уақыт аралығында ғылыми қоғамның студенттері 20-дан астам ғылыми мақала, соның ішінде 5 мақала импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын журналдарда жарық көрді, сонымен қатар мақалалар Қазақстан, Ресей және Португалияның халықаралық ғылыми практикалық конференцияларында баяндалды. 2016 жылдың сәуір айында Краков қаласында (Польша) Халықаралық студенттік ғылыми конференцияға 38 мемлекеттен 300-ден астам студент қатысты, соның ішінде АҚШ, Канада, Еуропа мен Азия елдерінен қатысушылар болды. Қазақстан Республикасы атынан С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ -ның 5 курс студенттері – президенттік шәкіртақы иегері Алдабергенов Е.Н. және Мергенбаев Ж.Е. баяндама жасады. Конференция қорытындысы бойынша студенттер сертификаттармен және 3 орын иегерлері ретінде марапатталды. Ал ғылыми мақалалар профессор Мусаев А.Т. жетекшілігімен Халықаралық студенттік ғылыми конференция(International medical students` conference Cracow, Poland April 14-16th 2016) жинағында жарық көрді. Қазақстанда болған III Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияда студент Алдабергенов Е.Н. 1 орын алды.
«Дарын» ғылыми үйірмесінің мүшелері«ҚазҰМУ–ның ТОП-100 үздік студенттері» байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Факультет озаты» номинациясында Жанен З.М., ал «Жылдың ең үздік студенті» номинациясында- Алдабергенов Е.Н. жеңді.
“ДАРЫН” студенттік ғылыми қоғамының осындай іс-шараларды өткізуі тек қана ғылымға қызығушылық тудыру ғана емес, сонымен қатар Отанға деген патриоттық сезімді жетілдіре отырып, жастардың ”тәрбиелі болашақ” кейпін тудыруында үлкен рөл атқарып отыр.