Демікпе және аллергия атты XIX ұлттық халықаралық ғылыми тәжірбелік конгрес
Қазақстан Республикасы Аллергологтары және клиникалық иммунологтары Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан 2019 жылдың 25-26 сәуірінде, Алматы қаласында өтетін «ДЕМІКПЕ ЖӘНЕ АЛЛЕРГИЯ» АТТЫ XIX ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМИ ТӘЖІРБЕЛІК қатысуға шақырамыз.
«Демікпе және аллергия» ұлттық конгресі әлемдік ғылыми қоғамдастықпен қабылдаған, Қазақстан Республикасының аллерголог-иммунолог мамандарын, басқа да мамандарды біріктіретін ең ірі кәсіби іс-шара.
«Демікпе және аллергия» ұлттық конгресі ҚР ДСМ-нің 2019 жылғы негізгі шара жоспарына қослыған, сонымен қатар Еуропалық Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар академиясының қолдауымен өтеді.
Конгресс бағдарламасына пленарлық дәрістер, презентациялар, мастер-кластар кіреді.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.
- С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті.
- Еуропалық Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар академиясы.
- Қазақстан Аллергологтары және клиникалық иммунологтары Республикалық қоғамдық бірлестігі.
- Молекулалық аллергология және иммунология саласындағы университеттердің халықаралық желісі.
КОНГРЕСТІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Аллергологиядағы инновациялар. Молекулярлық аллергология.
- Бронх демікпесін диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
- Атопиялық дерматиттідиагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
- Аллергиялық ринитті диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
- Есекжемді диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
- Дәрілік, поствакциналды, инсектті аллергияны диагностикалау мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
- Аллергологиядағы шұғыл жағдайлар диагностикасы мен емдеудегі заманауи көзқарастар.
- Аллергия және иммунитеттің қарым-қатынасы, екіншілік иммунды тапшылық жағдайлардың диагностикасы мен емдеуіндегі заманауи көзқарастар.
- Инфекция, иммунитет және аллергия.
- Вакцинопрофилактика.
- Біріншілік иммунды тапшылық жағдайлар.
Конгресс жұмысына Еуропалық Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар академиясының өкілі профессор Antti Lauerma (Финляндия), Univ.-Prof. Dr. Hannes Stockinger (Medical University of Vienna ,Austria) профессор Alla Nakonechna MD, PhD Liverpool University Sheffield Teaching Hospitals NHS Trust ( Great Britain), алыс және жақын шет елдердің ғалымдары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 500-ден астам аллерголог, пульмонолог, педиатр, терапевт, оториноларинголог мамандары және жалпы тәжірибе дәрігерлері қатысады.
КОНГРЕСТІҢ ӨТЕТІН ОРНЫ
Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 36, «Достық» қонақ үйі 4-ші қабат, «Алатау» залы.
ҚАТЫСУ ТҮРЛЕРІ
1.Ауызша баяндама.
2. Стендтік баяндама.
3. Жас ғалымдарға арналған конкурс.
ПОСТЕРЛІК БАЯНДАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Өлшемі : Ені – 70 см, биіктігі – 120 см. Жоғарғы бөлігінде жұмыстың атауы орналасады,түзу шрифтпен басылады. Төменде авторлардың тегі, жұмыс орындалған мекеменің атауы көрсетіледі. Көрнекті (фотосуреттер, диаграммалар, графиктер, блок – сызба және т.б ) және мәтіндік материал арақатынасы – шамамен 1: 1. Мәтінді қаріп 50 см қашықтықта оқылатындай еркін болуы керек. Жұмыстар өзіндік ғылыми зерттеулер мен оқу-әдістемелік әзірлемелерден дайындалуы керек.
Өткізу мерзімі 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін.
Конгрестің жұмысына қатысу үшін қатысушының тіркеу формасын толтырып, жарнаны төлеуді көрсетіп [email protected] поштасына жіберу қажет.
КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСУШЫНЫҢ ТІРКЕЛУ ТҮРІ
Тегі,аты, әкесінің аты_________________________________________________________
Жұмыс орны, лауазымы _______________________________________________________
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, квалифик.категориясы___________________________
Мекен-жайы ________________________________________________________________
Телефон ________________ Факс ____________
E-mail________________________
КОНГРЕСС ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА СЕРТИФИКАТТАР БЕРІЛЕДІ
КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ҚОНАҚ ҮЙЛЕРГЕ ӨЗДЕРІ ТАПСЫРЫС БЕРЕДІ
КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ СҰРАҚТАР БОЙЫНША МЫНА БАЙЛАНЫС ЖЕЛІЛЕРІНЕ ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ:
ХАТШЫ:
Шоканова Э.Т. тел: 8 778 348 9987
Маемгенова Г.Н.тел: 8 701 786 5452
сайт: www.Asthma.kz
Ұйымдастыру комитетінің төрайымы,
Қазақстан Республикасы аллергологтары мен клиникалық иммунологтары қоғамдық бірлестігінің төрайымы,
Аллергология және клиникалық иммунология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Испаева Ж.Б.