Денені сауықтыру орталығының тарихы
ҚазМИ дене шынықтыру кафедрасы 1935 жылы құрылды. Оның бірінші меңгерушісі Попова Е.Н.,әр жылдар бойы кафедраны: Макаренко Б.Г., Гут А.Г., Сералиев М.С., Иванов И.П., Смирнов В.М., Рябцов Ю.А., Бекболатов Т.С. В басқарды. Қазіргі уақытта п.ғ.к., доцент Фадеева О.Ю. басқарды.
Кафедра оқытушылары әртүрлі спорт түрлері бойынша 20-дан астам спорт шеберлері мен спорт шеберлігіне кандидаттарды, жүздеген 1, 2, 3 разрядты спортшыларды дайындады.
Осы жылдар ішінде кафедраның мақтанышы: Ұлттық Олимпиада комитеті орденінің кавалері, халықаралық санаттағы төреші, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы В.М.Раднов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері, Бокстан КСРО спортының кандидаты Новосельцев В.П., грек-рим күресінен МСМК, «Жыл спортшысы», Азия ойындарының чемпионы Иманбаев А.Ж.
Осы жылдар ішінде кафедра студенттердің олимпиада чемпиондарымен кездесулерін ұйымдастырды: «Табыс формуласы» бағдарламасы аясында (студенттердің еліміздің және университеттің танымал тұлғаларымен және қайраткерлерімен кездесуі) 1980 жылғы Мәскеу қаласында өткен Олимпиада чемпионы, Грек-рим күресінен әлем чемпионы Үшкемпіров Жақсылық Әмірәліұлы мен кездесуі өтті.
Бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов университетаралық спартакиаданың қонағы болды. Қазақстаннан шыққан Тұңғыш Әлем чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы (2013, 2014, 2016), екі дүркін Әлем чемпионы Назым Қызайбайдың қатысуымен ашық жаттығу өтті.
2021 жылы «Дене шынықтыру» кафедрасы «Денені сауықтыру орталығы» болып өзгертілді.
Қазіргі уақытта орталықта оқытушылар: үш дүркін Азия чемпионы, МСМК, регбиден Қазақстан Республикасының М.С Кален Ф., баскетболдан С.М. Рахметова Г.Н., волейболдан М.С Переверзева Н.В., көркем гимнастикадан М. С Қамбарова А.Ж., баскетболдан спорт шеберлігіне үміткер Джакипбаева Р.А., грек-рим күресінен М.С. Джигарбаев Б.Т., самбодан,армрестлингтен спорт шеберлігіне үміткер Асылхан. Б., еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер Маршалхан А., баскетболдан спорт шеберлігіне үміткер Бауыржан Ж., Қазақ күресінен спорт шеберлігіне үміткер Чинибаев С.Т.
Тек соңғы бес жылдың ішінде оқу-жаттығу процесін жетілдіру және студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене шынықтыру мен спорттың ықпалын зерделеу бойынша 60-тан астам ғылыми мақалалар мен төрт оқу құралы жарық көрді.
ДСО негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру дайындығына президенттік тестілеуден өтуге дайындық, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы оқушылардың денсаулығын нығайту.
Жалпы, денені сауықтыру орталығының жұмысы студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға, дене шынықтыру және спорт арқылы денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізілуде, болашақ дәрігерлердің кәсіби және қолданбалы даярлығы жүргізілуде.
Бүгінде денені сауықтыру орталығы дене шынықтыру және спорт саласындағы білікті мамандардан, шығармашылық әлеуеті зор, тату ұжымнан тұрады.























