Денсаулық сақтау білім саласы бойынша алдын ала іріктеуден өту ережелері
ДОКТОРАНТУРА ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ТҮСКІСІ КЕЛЕТІН ҮМІТКЕРЛЕГЕ!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде алдын ала іріктеуден өту кезеңі басталғанын хабарлайды.
Алдын ала іріктеу «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» білім беру саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша докторантураға түсудің міндетті кезеңі болып табылады.
Алдын ала іріктеу түсу емтихандары басталғанға дейін, 2022 жылдың 1 ақпанынан 31 мамырға дейін келесі оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі:
«Медицина»;
«Қоғамдық денсаулық сақтау»;
«Фармация»;
«Мейірбике ғылымы».
Алдын ала іріктеу құжаттары 2022 жылғы 31 мамырға дейін [email protected] электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады:
8(727) 338-70-30 (ішкі 7271, 7268); 8 7758823125, 8 7002669117
Алдын ала іріктеуден өту үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Ұйым басшысының атына өтініш (1-қосымша).
- Жеке куәлік (көшірме).
- Жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттардың көшірмесі (өткен жылдар түлектері үшін).
- Оқу орнынан анықтама (жоғары оқу орнының соңғы курсында білім алушылар үшін).
- Түйіндеме (жеке деректер, жұмыс тәжірибесі, білімі, дағдылары, аяқталған курстар, семинарлар, жобаларға қатысу, шет тілдерін білу).
- Соңғы оқу/жұмыс орнынан мінездеме.
- Ғылыми кеңесшінің ұсыныс хаты.
- ҚазҰМУ ғылым және инновация бөлімімен расталған соңғы 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың (ғылыми жарияланымдар, зерттеу жоспары, эсселер және басқа құжаттар) тізбесі (2-қосымша).
- Ғылыми конференцияларға қатысқаны туралы сертификаттар.
- Қазақ /орыс тіліндегі диссертациялық зерттеу аңдатпасы (3-қосымша).
- Мотивациялық эссе.
- Шет тілін маңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілікке (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады (бар болса):
ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 5,5;
TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 46;
TOEFL PBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 453;
TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm), шекті балл – кемінде 460;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, NіveauВ2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Nіveau В2/В2 деңгейі);
француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – B2 деңгейі, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – В2 деңгейі, TCF (Test de connaіssance du franзaіs), шекті балл кемінде – 50;
TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.
- Жұмыс орны бойынша кадр қызметімен куәландырылған кадрлық есеп бойынша жеке парағы немесе еңбек қызметін растайтын басқа құжат.
Назар аударыңыз: барлық құжаттарға қол қойылған және бір файлда сканерлеген болуы қажет!
1 Қосымша
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Басқарма – төрағасы, ректоры, м.ғ.д.,
профессор Т.С. Нургожинге
Председателю правления – ректору КазНМУ имени С.Д. Асфендиярова
д.м.н., профессору Нургожину Т.С.
________________________________________________________________________
____________________________________
(толық аты-жөнін көрсету/указать Ф.И.О. полностью)
Тұрғылықты мекен-жайы/Адрес фактического проживания
__________________________________________________
Үй тел./ дом.тел.: ______________________________
Ұялы тел/ сот.тел_______________________
ӨТІНІШ
ЗАЯВЛЕНИЕ
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Күні/Дата: «_____» _____________2022 ж.
Қолы/Подпись _______________________
2 Қосымша
Ғылыми еңбектер тізімі
№ п/п | Ғылыми еңбектер атауы
|
Басылған немесе қолжазба түрінде | Баспа, журнал (аты, жылы, ел, қала) немесе авторлық құқық нөмірі | Көлемі | Авторлардың аты-жөні |
1. | |||||
2. | |||||
3. | |||||
4. |
Күні/Дата: «_____» _____________2022 ж.
Қолы/Подпись _______________________
Растаймын : ________________ _____________
(Аты-жөні) (қолы)
3 Қосымша
Докторлық диссертация
АҢДАТПАСЫ
(Аты-жөні)
Білім беру бағдарламасы: _____________________________________
Тақырыбы_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Алматы, 2022
Тақырыптың өзектілігі (бір беттен артық емес)
Зерттеудің мақсаты
Зерттеу міндеттері
Зерттеу түрі (бастамалық негізде орындалады, ғылыми жобаның үзіндісі болып табылады (жобаның атауын көрсету (ЖОО, ҚР БҒМ, ДСМ және т.б.)
Зерттеу әдістемесі
Зерттеу көлемі
Зерттеу объектісі
Зерттеу субьектісі
Ғылыми жаңалығы
Практикалық маңыздылығы, күтілетін нәтижелер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Докторант __________________ ________________
(қолы) (аты-жөні.)
Ғылыми кеңесшісі __________________ _________________
(қолы) (аты-жөні)