«Достық Көпірі: Қазақстан-Үндістан» атты әдеби-сазды кеші өтті
25 сәуір 2016 ж Этикалық кеңестің, шетелдік студентер факультетінің деканатының, орыс тілі кафедрасының ұйымдастыруымен үш тұғырлы тіл мемлекеттік бағдарламасы аясында Абай Құнанбаев мен Р.Тагордың шығармашылығына арналған «Достық Көпірі: Қазақстан-Үндістан» атты әдеби-сазды кеші өтті.
Құттықтау сөзімен Этикалық кеңестің төрағасы, профессор Мустафина Ж. Г., шетелдік студенттер факультетінің деканы доцент Булыгин К. А., ҚР-дағы Үндістан консулының өкілі доктор Кумар суденттерге жылы лебіздерін білдірді.
Жалпы медицина факультетінің ағылшын және қазақ топтарының бірінші курс студенттері Абай Құнанбаев және Р.Тагор шығармалары туралы презентацияларын ағылшын тілінде қорғап, ұлы ақындардың өлеңдерін қазақ, ағылшын, хинди тілдерінде оқып, дәстүрлі әндер шырқады.
Үнді мәдениетінің орталығы және ҚазҰМУ кітапханасы сувенирлер мен кітап көрмесін көрсетті.
Кеш соңында қазақ және үнді студентттері орыс тілінде Қазақстан туралы ән шырқады.