Дьюк университетінің делегациясымен кездесу
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес наурыздың 23 – 25 аралықтарында ҚазҰМУ-геәлемнің медициналық жетекші мектептерімен стратегиялық серіктестікті дамыту және орнату мақсатында Дьюк университетінің делегациясымен (АҚШ) кездесуі болады.
Дьюк Университеті- АҚШ-тың Солтүстік Каролоина штатының Дарем қаласында орналасқан жеке меншікті зерттеу университеті, негізі 1838 жылы қаланған.
Дьюк университетінің медициналық мектебі әлем бойынша университеттер арасында 13 үздікке жатады (QS WU ranking by subject). WUR QS нұсқасы бойынша 2015 жылы Дьюк университеті әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының рейтингінде 29 орын алды.
Сапардың бағдарламасында бірқатар іс – шаралар ҚР вице-министрі Е.А. Биртанов, стратегия бойынша әріптестік даму жөніндегі директоры, МВА, Лиза Бурже,Duke Medicine Global менеджерлері, MPP, Криста Гибсон және ҚазҰМУбасшыларының қатысуымен жоспарланады.
Стратегиялық әріптестік дамуының басым бағыттары:
- ҚР Медициналық жоғары оқу орындарында медициналық білім беруді басқару мен қаржыландыруды жетілдіруге жәрдемдесу болып табылады;
- Білім беру бағдарламаларын жетілдіру;
- Медициналық жоғары оқу орындарының ПОҚ және қызметкерлерінің әлеуеттін көтеру;
- ҚР Медициналық жоғарғы оқу орындарының ғылыми әлеуеттін дамыту.
Университет Дьюк делегациясының сапары
23.03.16-25.03.16
Алматы қ, Төле би көшесі №88, ҚазҰМУ