«Дімкәс» денсаулық…
Осы аптада Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева денсаулық сақтау саласына қатысты жиында былай деген: Тұрғындар көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының нашарлығы мен қолжетімсіздігіне шағымданады. Тұтастай алғанда қанағаттанбаушылық пен ыза болу басым түседі. Негізі екі тарап та ырза емес: денсаулық сақтау саласына дәрігерлердің де, азаматтардың да көңілі толмайды…
Алматы емханаларында енді педиатр және терапевт дәрігерлер болмайды. Олардың орнында «жалпы практика дәрігерлері». Билік пен медицина шенеуніктері үшін әлбетте, «дұрыс», «тиімді» жол. Әдеттегідей, «әлемдік тәжірибеге сай бағыт»… Ал балалары кішкентай ата-аналар бұл реформаға қарсы. Атақты педиатр Камал Ормантаев та қарсы… «Білме, білгеннің тілін алма» деген бар. Айтпақшы, осы аптада Денсаулық және әлеуметтік даму министрінің орынбасары болып Елжан Біртанов тағайындалды. Бұл Салидат Қайырбекова кеткеннен кейін бос тұрған кабинет етін… Педиатрия «жырын» Айгүл Ермахан жалғастырады.
40 жастағы Алма Нартбаева жуырда ана атанды. Шала туылған Айзере мен Айаруды Алматыдағы перинаталдық орталықтың неонатологтары бар ықыласын төгіп, өмірге бейімдеп жатыр. Олар бала ағзасының ерекшеліктерін жіті меңгерген. Егіздерінің асты-үстіне түсіп мәпелеп отырған дәрігерлерге Алма дән риза. Алайда ертең үйге шыққан соң, өздері ілекер балаларды «жалпы тәжірибе дәрігері» қалай қарайды деген сан-сауал оған маза бермейді.
Алма Нартбаева, Қала тұрғыны:
Қазір педиатрлар мен терапевттердің басын қосып тастады. Ана ретінде құптамаймын. Балаларды білетін педитарлар ал, терапевттер баланың ауырғанын қалай біледі.
Бұл тек Алманың жеке пікірі емес. Жалпы тәжірибе дәрігеріне көңіл толмау қоғамда қызу талқыланып жатыр.
Осындай шағыммен ата-аналардың көбісі хабарласатынын еліміздегі балалар хирургиясының атасы Камал Ормантаев та растады. Пайымынша, қазір қала емханаларында педиатр мен терапевтті біріктірген «жалпы тәжірибе дәрігері» балалар үшін тиімсіз. -Өйткені балалар сырқаты көп. Оларды педиатр ғана жақсы біледі. Қазіргі отбасылық мамандар баланы ұстауға қорқады. Міне осыдан барып, ертең шетінеген нәресте көбейеді- дейді.
Камал Ормантаев, академик:
Балалар дәрігерінің 26 түрі бар пульманолог, гастроэнтеролог, хирург әрқайсысының ерекшелігі бар. Семейный врач білмейді деп маған ата-аналар жылап келеді.Педиатрия жоқ болса бала өлімі көбейеді. Аудандарда хронический болезнь көбейіп кетті отбасылық дәрігер температураны снижать етуді біледі бірақ баланың немен ауырғанын аяғына дейін емдемейді ол хроник болып қалады. Олардың 40-45 пайызын армияға алмайды, бала кезінен ауру саны да көбейіп барады.
Әр маманның өз ісімен айналысқаны жөн екенін неонатолог маман да қолдайды. Алайда, көнбеске амал жоқ екенін біледі.
Айнұрым Сарбас, қалалық перинаталдық орталықтың неонатологы:
Педиатр болғаны бізге керек. Кішкене балалар жаңа туған нәрестелер олардың тілін түсінетін педиатрлар деп ойлаймын. нәрестелердің развивать ететін организміне қарай қажеті бар қажет емес дәрі- дәрімектерді реттейміз сол үлкен айырмашылық деп ойлаймын. Бізге енді жаңа реформалар келіп жатыр онымен жұмыс істейміз әрине…
Бірақ қалалық денсаулық сақтау департаментінің ұжымы педитарлар мен терапевттерді түбімен жойып жібердік деп отырған жоқ. Қазір Алматы қаласында 37 емхана болатын болса, соның 26-сы ересектер мен балаларға қызмет көрсетудің аралас түріне көшіп, халыққа территориялық принцип бойынша қызмет көрсетіп жатқан көрінеді.
Ержан Сералин, №1 қалалық емхананың бас дәрігері:
Тұрғындарға сабырлық сақтасын дейміз интернеттерде жазып жатыр негативті информация, түсінуіміз керек. Біз бағдарламаға сай дәрігерлердің деңгейін көтеруді білеміз. Тек халық сабырмен күтсе бәрі жақсы болады. 00.32.58 үлкен мегаполис болғандықтан денсаулық басқармасы әкімшіліктің қалауымен, тұрғындардың қалауымен ересектерге көмек, 9 участок педиатрлар, 12 терапевт участогы қалды.
Жанар Кенжебаева, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бірінші медициналық санитарлық көмек көрсету бөлімінің жетекшісі:
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасына сай, қаламызда бірінші медициналық санитарлық көмек көрсететін 37 емхана бар. Сонда 2071 дәрігердің 40 пайызын бүгінгі күні жалпы тәжірибе дәрігері құрап отыр. Әзірленіп жатқан 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасына сай бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді.
Көп естігеннен бір көрген артық деп қаладағы жалпы тәжірибе дәрігерлері көп шоғырланған №17 емханаға бардық.Мұндағылар тұрғындар мен отбасылық дәрігерлер арасында ешқандай қиындық туындамағанын айтады. Керісінше, халық топырлап кезекте тұрмас үшін арнайы терминал енгізіпті. Талон алып қалаған дәрігеріне қарала алатын көрінеді. Мұнда 23 жалпы дәрігерлермен қоса 12 терепевтік және 8 педитрлық учаске жұмыс істеп жатыр. Ұжым бұл жаңа реформа бірден емес, Батыстағы нәтижелерді салыстыра отырып енгізілді деп отыр. Сондықтан дертіне ем іздеген сырқаттарға жаңа модель бойынша тиімді көмек көрсетіп жатқандарын айтып шырылдады.
Мадина Айтөкенова, №17 емхананың жалпы тәжірибе дәрігері:
Жалпы дәрігерлікті бітірдім. Отбасылық дәрігер ол бір отбасын түбегейлі қарайтын болады. Шыр етіп дүниге келгеннен бастап қарайды, оның ата-анасындағы тұқымқуалаушылық аурулар ма, жоқ па, біліп отырады. Өмірінің соңына дейін бір дәрігер ем-дом көрсететін болады. Кезек мәселесінде біз балаларды бөлек 2 сағат, ересектерді де осылай бөліп қабылдаймыз. Ал, омыраудағы балаларды аналары алдын-ала жазып, кезексіз дәрігер қабылдауына кіреді. Әрине кейде қиындықтар болып жатады. Біз ондай кезде педиатрлармен кеңесеміз.
Кеңесетін педиатрлар да қалмай бара жатқан сияқты. Себебі педитария факультеті жабылғалы жастардың басым бөлігі жалпы дәрігерлер дайындайтын бөлімде 5 жыл тәлім алады. 6-7 курстарда қалаған салаларын таңдай бастады. Бүгінде С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде 10 мыңнан астам студент бар. Бірақ оның 50 пайызы жалпы медицина мамандары болып шығады.
Қазбек төлебаев, с.ж.асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры:
14 мың ауру дегенмен соның барлық түрімен адамадар ауырмайды. 200-300 болар ары кетсе. Бірінші барьер ауруларды қабылдап профилактикалық жұмыс істеп шетелдің несі бойынша 80 пайызға дейін ауруды өз деңгейінде ұстау керек. +01.23.40 педиатрларды интернатурадан кейін 5- курстан кейін жылына 150 шығарып отырамыз.
Алайда, бұған академик Камал Ормантаев сенбейді. Оның айтуынша…..
Камал Ормантаев, академик:
8-9 жылы резидент дайындаймыз шетелдің несі бойынша… Олар 60 мың айлық алады, дұрыс оқымайды. Оқытып жатқан бұрынғы дәрігерлер оқытушылардың сапасы төмендеп кеткен сяиқты, жаңа методика жоқ, болондық система кірдік деп жатырмыз. Біз совет системасындағы, совет учебниктерін оқыған ғалымдарымыз қайдан өзгере қоямыз бір күнде өзгере қоймайды. Қазір соған байланысты жұмыстар жасалып жатыр бірақ тиянақты емес. Министрде болдым, шығарып салады ақша жоқ крисиз денсаулықты ақшамен өлшеуге болады ма? Былтыр біз 58 педиатр дайындадық оның да білімдері төмен педиатрияны ашыңдар деп айтып жатырмын тыңдайтын адам жоқ.
Ем-дом көрсетудің аралас түрі медицинаға біртіндеп еніп келеді. Көпшілікке ұнамады деп қабылданып қойған жүйеден ешкім бас тарта қоймас. Адам туған кезінен бастап, есейіп, қартайған шағына дейін бір дәрігердің бақылауында болып, тұқым қуалайтын дерттің өзге туысқандарына таралуына жол бермей, алдын алуға мүмкіндік жасаймыз дегендері дұрыс шығар. Алайда біз сөзімізді балалардың ағзасын көбінен артық білетін академик Камал Ормантаевтың пікірімен түйіндемекпіз. «Әбден қайнап піспеген тағам шикі татиды»…
Айгүл Ермахан, 20:30 «Біздің уақыт»