«Діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу» атты ҚазҰМУ-дың 1-курс студенттерімен кездесу өткізілді
Соңғы кезде елде де және дүние жүзінде де деструктивтік ағымдар және экстремистік ұйымдардар тарапынан елдегі қауіпсіздікке төнген қатердің маңыздылығы, сондай-ақ, жастар арасында ағымдардың мәні және рөлі өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Жастар арасындағы халықаралық терроризммен күрес және діни экстремизмнің алдын-алу мақсатында 07.02.2017ж. күні сағат 15.00-де ҚазҰМУ-дың «Concordia» театрында Алматы қ. Дін істері басқармасымен бірлескен жұмыс аясында «Дін істері басқармасындағы нәтижелерді анықтау орталығының» қызметкерлері (студент жастар арасында діни экстремизмнің және терроризмнің таралуының алдын-алуға арналған шаралардың кестесіне сәйкес) университетіміздің ҚазҰМУ-дың 1-курс студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесуде сөз сөйлегендер:
– «Дін істері басқармасындағы нәтижелерді анықтау орталығының» бас эксперті – Нусипханов Т.Н. «Терроризмнің тұзағы» атты баяндамасын таныстырды.
Іс-шара аяғына қарай «ИГИЛ» атты бейне ролик көрсетіліп, кездесу диалог форматында студенттердің қызығушылығын арттырды. Жалпы шараға факультет кураторлар мен студенттерді қосқанда қатысқандар саны – 800 астам адам.
Аталған іс-шараны Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарманың Әлеуметтік көмек және студенттерге қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырды.