«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу» тақырыбында ҚазҰМУ-нің студенттерімен кезекті кездесу өткізілді
Жастар арасындағы халықаралық терроризммен күрес және діни экстремизмнің әрекеттерін алдын-алу мақсатында 24.10.2017 ж. ҚазҰМУ-нің №6 жатақхананың оқу залында сағат 18.30-19.30-де Алматы қ. Дін істер Басқармасымен бірлескен жұмыс аясында «Шанырақ» діни мәселелер бойынша кеңес беру және оңалту орталығының қызметкері жатақханаларда тұратын студенттермен семинар – тренинг (студент жастар арасында діни экстремизмнің және терроризмнің алдын-алуға арналған шаралардың жоспарына сәйкес) өткізді.
Аталған кездесуде: «Шанырақ» діни мәселелер бойынша кеңес беру және оңалту Орталығының қызметкері, теолог, «Нұр-Мүбарак» мектебінің оқытушысы – Жүсіпбеков Жасулан «Діни ағымдар, олардың айырмашылықтары, өңдеу әдістері, анықтамалары» тақырыбында баяндама жасады.
Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.
Аталған шараға қатысушылар саны – 60 адам. Бұл іс-шара Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткізілді.
СЖЖБ Директоры Шыңғысбаев Л.С.