«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу.Рухани жаңғыру және жастар»тақырыбында ҚазҰМУ-нің 1-курс студенттерімен кездесу өткізілді
Жастар арасындағы халықаралық терроризммен күрес және діни экстремизмнің әрекеттерін алдын-алу мақсатында, сондай-ақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес,04.10.2017ж. ҚазҰМУ-нің«Concordia» театрындасағат 15.00-16.00-де Алматы қ. Дін істер Басқармасымен бірлескен жұмыс аясында1-курс студенттерімен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу.Рухани жаңғыру және жастар»тақырыбында (студент жастар арасында діни экстремизмнің және терроризмнің алдын-алуға арналған шаралардың жоспарына сәйкес) кездесу өткізілді.
Аталған кездесуге:қоғам қайраткері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі,филология ғылымының докторы, профессор – Асылы Алиқызы Осман,Дін істері басқармасындағы «Нәтижелерді анықтау орталығының» ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі – Берикбаев Е.Г., «Нәтижелерді анықтау орталығының» бас маманы- Бердибеков Е. К.
Асылы Алиқызы Осман: «Кәзіргі жастардың рухани жаңғыруы»тақырыбындағы баяндамасында атап өткендей, руханилық болашақта өзіне, адамдарға, қоршаған әлемге, рухани, моральдық және зияткерлік мүдделерге деген мұқияттылықтың таза қасиеттеріне материалдыққызығушылықты, сол қоғамға күрделі өзгерістер енгізуге дайын адамның болашағы бар.
Басқа да шақырылған қонақтар: Берикбаев Е.Г., Бердибеков Е. К. «Халықтың діни сауаттылығын арттыру», «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу»тақырыптарындаөздерінің баяндамаларын жеткізді.Аталған шараға қатысушылар саны – 1000 адам (ОПҚ бірге).
Аталған іс-шара Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарманың Студенттерге әлеуметтік көмек және қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді.
СЖЖБ Директоры Шыңғысбаев Л.С.