«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу» тақырыбында ҚазҰМУ-нің студенттерімен кезекті кездесу өткізілді
Жастар арасындағы халықаралық терроризммен күрес және діни экстремизмнің әрекеттерін алдын-алу мақсатында 31.10.2017 ж. ҚазҰМУ-нің №6 жатақхананың оқу залында сағат 18.30-19.30-де Алматы қ. Дін істер Басқармасымен бірлескен жұмыс аясында Дін істері басқармасындағы «Нәтижелерді анықтау орталығының» ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі жатақханаларда тұратын белсенді студенттермен кездесу (студент жастар арасында діни экстремизмнің және терроризмнің алдын-алуға арналған шаралардың жоспарына сәйкес) өткізді.
Аталған кездесуде: «Нәтижелерді анықтау орталығының» ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, phd докторы – Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу туралы. Идеология» тақырыбында баяндама жасады. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.
Аталған шараға қатысушылар саны – 70 адам. Бұл іс-шара Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткізілді