«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу» тақырыбында ҚазҰМУ-нің студенттерімен кезекті кездесу өткізілді
Жастар арасындағы халықаралық терроризммен күрес және діни экстремизмнің әрекеттерін алдын-алу мақсатында 05.03.2018 ж. ҚазҰМУ-нің №2 оқу аудиториясында сағат 15.00-16.00-де Алматы қ. Дін істер Басқармасымен бірлескен жұмыс аясында «Нәтижелерді анықтау орталығының» ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі 1, 2 курс студенттерімен кездесу (студент жастар арасында діни экстремизмнің және терроризмнің алдын-алуға арналған шаралардың жоспарына сәйкес) өткізді.
Аталған кездесуде: «Нәтижелерді анықтау орталығының» ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, философия ғылыми кандидаты – Кантарбаева Ж.У. «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу туралы. Дәстүрлі емес ағымдар» тақырыбында баяндама жасады. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.
Аталған шараға қатысушылар саны – 80 адам. Бұл іс-шара Жастар саясаты басқарманың ұйымдастыруымен өткізілді.