Дүниежүзілік гепатитпен күресу күні аясында «Гепатиттің алдын алыңыздар- анализ тапсырыңыздар, емдеу қабылдаңыздар» атты дөңгелек үстел
Дүниежүзілік гипатитпен күресу күні аясында 2015 жылдың 28 шілдесінде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Біріккен университет клиникасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тақырыпқа сәйкес «Гепатиттің алдын алыңыздар- анализ тапсырыңыздар, емдеу қабылдаңыздар» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел – бауыр ауруларына шалдыққан науқастарға медициналық жәрдем көрсетуді ұйымдастыру және вирустық гепатитті анықтау жолдарын оңтайландыру және аталған вирусқа шалдыққан науқастарды емдеу мәселелерін талқылау мақсатында өткізілді.
Іс-шараға қалалық емханалардың бөлім меңгерушілері және дәрігерлері, Біріккен университет клиникасының дәрігерлері қатысты.
Қатысушылар Алматы қаласының вирустық гепатит бойынша эпидемиологиялық жағдайын, асқынған вирустық гепатиттің азаюымен қатар, созылмалы вирустық гепатиттің күрт өсуін талқылады.
Доцент Е.А.Славко өзінің баяндамасында қатысушыларды универвитет клиникасының бауыр ауруларына шалдыққан науқастарды анықтап емдеу, сондай-ақ гепатологиялық науқастарға заманауи ғылыми зерттеу нәтижелеріне сәйкес медициналық көрсетуді жетілдіру жоспарларымен таныстырды. Сондай-ақ дөңгелек үстел отырысында бауыр ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру және емдеу мақсатында Алматы қаласының медициналық ұйымдарының өзара бірлесіп, қызмет көрсету мүмкіндіктері қарастырылды