Дүниежүзілік денсаулық күні
Жыл сайын 7 сәуірде«Дүниежүзілік денсаулық күні»атап өтіледі. Биылғы атаулы күн адамдар арасында жылдан жылға артып бара жатқан сусамыр (диабет) ауруынан туындаған мәселелерге арналды. Соңғы 35 жылда сусамырмен ауыратын адамдар саны 4,5 есе артқан, бүгінгі күні 422 миллион адам. Жыл сайын сусамырмен күреске жұмсалған шығын 1 триллион долларды құрайды.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ПОҚ мен студенттері де бұл шарадан тыс қалмады, жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша атаулы күн «Спутник» СҮ атап өтілді.Қазақстан Республикасы Диабеттік оқу-ағарту қорыжәне салауатты тамақтану ұлттық орталығымен бірлесе отырып, 300 студенттерден аса, 20-ға таман ҚазҰМУ оқытушылары қатысқан«Сусамырға –жол жоқ!!!» атты жоба ұйымдастырылды.
«Жас отан» жастар қанатының өкілдері, қала қонақтары мен сауда үйіне келушілер бұл іс-шараның қонақтары болды. Акция ұйымдастырушылары СӘМҚДД, оның ішінде әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарма. Бұл шараға белсенді ат салысқандар: нутрицология, жедел жәрдем, акушерлік интернатура және резидентурасы, ҚазМСА студенттік ұйымдар және әр түрлі мамандықтар мен курс студенттері.
Акция «1000 мейірімді іс» қалалық шаралар аясында өткізілді, оның мақсаты «Денсаулық -2016-2020жж.»мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, аурудың алдын алу, диабет жайлы мағлұматтарын арттыру және тұрғындардың денсаулығын сақтау.
Акция барысында сусамыр ауруының алдын алуда тамақтың рөлі, семіздік пен артық салмақ, тамаққа тәуелділік пен зиянды әдеттер туралы кеңестер берілді, бөлек алаңда қанның қант деңгейі анықталды.
Денсаулық – ақшаға сатып алынбайтын, баға жетпес құндылық. Денсаулық –тек қана дерттіңжоқтығы емес, бұл біздің толық саулығымыз, сондықтан, кез келген әр адамға «Сау болыңыздар!» дегіміз келеді.