Дүниежүзілік денсаулық күні аясында: «Спорт-денсаулық кепілі» спорттық ойындар сайысы Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” – деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Футбол ойнауда, шаңғы тебуде де, гимнастикамен айналысуда т.б. спортпен айналысу жатады. Ондағы негізгі идея студенттерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.
Осыған орай Университетімізде әр оқу жылында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жоспарлар жасалынып, оны іске асыруда көптеген іс-шаралар атқарылуда. Сондай іс-шаралардың бірі – топ студенттері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру кеңестері, семинарлар, спорттық сайыстар және т.б. өткізіліп отырады.
03.04.2019 жылы күні Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының кураторлары: Қ.А. Тарақова, Г.Т. Танеева, М.Н. Камалова және «Жалпы медицина» мектебінің 1 курс ЖМ18-001 қ., ЖМ18-005 қ., ЖМ18-006 қ., ЖМ18-016 қ. студенттері ұйымдастыруымен ҚазҰМУ спорт алаңында «Спорт-денсаулық кепілі» атты спорттық ойындар сайысы өткізілді.
Мақсаты: Студенттердің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдылықтарын, күштіліктерін қалыптастыру.
ЖМ18-001 қ. – 020 қ. топтар арасынан сайысқа түсетін қатысушы студенттерден бес топ анықталынды.
Сайыс 5 түрлі конкурстан тұрды: «Кім жылдам», «Доп лақтыру», «Асық ату», «Кім көп жинайды?», «Арқан тарту», «Кім күшті?».
Әділ қазылар: Денешынықтыру кафедрасының оқытушылары: Маршалқан Аят, Жүнісбек Бауыржан және молекулалық биология оқытушысы: Жүзжан Құралай Ермаққызы.
Сайыс соңында жеңіске жеткен топтар анықталынып, мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды.