Дүниежүзілік денсаулық күні
Құрметті әріптестер мен студенттер!
2018 жылдың 06 сәуір күні сағат 12.30 бастап ҚазҰМУ студенттік Аренасында дүниежүзілік денсаулық күніне орай балалар стоматологиясы, дене тәрбиесі және ТҚН, нутрициология, гигиена және еңбек медицинасы курсымен, коммуналды гигиена, балалар және жасөспірімдер гигиенасы, № 3 ЖДТ, шұғыл медициналық жедел жәрдем, клиникалық фармация және фармация экономикасын басқаруды ұйымдастыру кафедраларының қатысуымен университеттік Акция өтеді.
Дүниежүзілік денсаулық күнінің тақырыбы: «Денсаулық сақтау қызметінің жаппай қамтылуы: барлығы үшін және барлық жерде», ал ұраны: «Денсаулық барлығы үшін!»
Барлықтарыңызды осы акцияға қатысуға шақырамыз!
Жастар саясаты басқармасы