Дүниежүзілік денсаулық күні – 2017
7 сәуірде дүниежүзілік денсаулық күнін атап өту дәстүрге айналған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтауұйымы (ДДҰ) әр жылды медицинадағы көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады. Бұл шара адам өз өмірінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, оны жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдауы үшін өткізіледі. ДДҰ әр адам өз денсаулығын сақтап, күтуге жауапты екендiгiн естен шығармауды ұсынады.
Депрессияға ұшырау әлемнің көптеген елдерін жайлаған, сондықтан ДДҰ 2017 жылы дүниежүзілік денсаулық күнін депрессияға ұшыраған жандарға көмек қолын созу тақырыбын таңдауға шешім шығарды.
Депрессия – жүйке ауруларының арасында ең кең тараған, психикалық ауытқу ретінде медицинада адамның қоғам мен жеке қатынастарының қалыптасуының бұзылуына әкеліп соғатын, көңілінің қарқынды ауытқуларын білдіретін және адамдардың еңбек қабілетінен айырылу себептерінің бірі болып табылатын дерт.
Біздің университетте психиатрия және наркология, нутрициология, өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері курсы бар дене тәрбиесі, биохимия, №3 ЖДТ кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы мен жалпы медицина, халықаралық медицина және Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық, мейірбике ісі және менеджмент факультеттерінің, студенттері, АРТ орталығы, үндімәдени орталығы, КБО жанындағы «Радуга» тұлғалық өсуклубы, УСҮ және көптеген басқа да ұжымдар белсенді түрде ат салысқан «Депрессияға жол жоқ» атты кең ауқымды акция өткізілді. Акцияны ұйымдастырушы –студенттермен жұмыс жөніндегі басқарманың студенттерді әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімі.
Акцияның мақсаты: депрессия және оның себептері мен салдары жайында, және де оны емдеу мен алдын алу бойынша қандай көмектер болатыны туралы бұқараға кең түрде ақпарат беру сонымен қатар, депрессияға душар болған жандар жасқанбай көмек сұрағанын, ал олардың отбасы мүшелері мен әріптестері оларды қолдағанын қалаймыз.
Акция, басты ғимараттың алдында ұйымдастырылып, университеттің екі жүзден аса студенттері мен қызметкерлері би қимылдарымен бұқараны осы мәселеге көңіл аударуға шақырғанфлешмобпен басталды.
Акция аясында №6 дәрісханада «Психиатрия және наркология» кафедрасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Депрессияға жол жоқ!» атты конференция өткізілді. Бұл жерде клиниканың психотерапевт, психолог мамандарынан кеңес алу мүмкіндігі болды және депрессияның пайда болуы мен күресу тәсілдері жайында брошюра мен флаерлар таратылды.
Арена амфитеатрында «Нутрициология» кафедрасының қызметкерлері мен студенттері барлық келген адамдардың дене салмағының индексімен артериалдық қысымдарын өлшеп, дұрыс тамақтану мен салауатты өмірсүру жайында кеңес беріп,дәруменді сусындар, салат, смузи және де көңіл көтеру үшін парақтар таратты.
Студенттер белсенді түрде арт-терапия, йога және медитациямен айналысып, «Радуга» тұлғалық өсу клубының қызметкерлері тренинг өткізді.
Акцияның соңында студенттер депрессиямен қоштасуды бейнелейтін әр түрлі шарларды ұшырды.
Акцияны ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді түрде қатысқандарыңыз үшін алғыс айтады. Барлықтарыңызға ДЕНСАУЛЫҚ тілеп: шығармашылықжәне спортпен айналысып, ойларыңызды бір жүйеге келтіріп, дұрыс тамақтаныңыздар, сонда ешқандай депрессия болмайды дейміз.