Дүниежүзілік денсаулық сақтау күнін атап өту
Химия кафедрасының оқытушылары Ашимхан Н.С. Талипбекова А.Ж Сыдыкова А.И 18 сәуір 2024 жылы дүниежүзілік денсаулық сақтау күнін атап өту аясында тәрбие сағаттын өткізді. Шараның мақсаты: студенттерге денсаулықтыңлық тәннің қана емес, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы екенін түсіндіріп, әр адам ең алдымен өз денсаулығына өзі сақтап, күтуге жауапты екендiгiн ескерту.
Дүниежүзілік денсаулық ұйымының (ДДҰ) құрылған күні, Дүниежүзілік денсаулық күні ретінде 1950 жылдан бастап жыл сайын аталып өтіліуде. Бұл дәстүрге айланған мерекелік іс-шара адам денсаулықтың бақытты өмір сүруі үшін қаншалықты мәні зор екенін ұғындырып, оны қорғау мақсатында тиісті шешімдерді қабылдауы үшін өткізіледі.
Денсаулық жер әлемдегі барлық адам үшін ортақ құндылық, себебі адам толық қанды бақытты өмір сұруі үшін ең алдымен мықты денсаулық керек. Денсаулықты қорғау және оны жақсарту іс-әрекеттері өмірлік дағдыға айлануы керек. «бірінші байлйқ денсаулық»- деп денсаулықты жоғары бағалаған халқымыз « ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» депте осы ұлы байлығын қорғаудың тамаша шешімін бір ауыз сөзбен түйіндеп айтып кеткен.
Тәрбие сағаты кезінде денсаулық сақтау күнінің тарихын, атап өтілу мақсатын түсіндіре отырып, әр адам өз денсаулығын қорғауға, жақсартуға ең алдымен өзі жауапты екенін ескертіп, оны қалай жүзеге асыруға болатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.