«Дүниежүзілік көз жанары күніне» орай өткізілген акция
«Дүниежүзілік көз жанары күніне» орай өткізілген акция
2015 жылдың 09 қазан күні«ҚазМСА» студенттік ұйымының белсенді студенттері Қазақ Ұлттық Көз Ауруларын Зерттеу Институтының офтальмолог-дәрігерлерімен бірігіп, «Дүниежүзілік Көз жанары» күніне орайакция өткізді. Аталмыш акцияға университетіміздің студенттері,оқытушылары жәнеқызметкерлері қатысты. Маманданған офтальмологтар көз жанарын және өткірлігін, периметрияны анықтап, офтальмоскоппен көз түбін тексеріп, сонымен қатар көз жанарын сақтау және жақсарту есебінде кеңес берді. «ҚазМСА» мүшелері қатысушылармен түрлі жаттығулар жасап, ойындар ойнап, көзге арналған массаж жасады. Әрбір қатысушыларға кішігірім бағалы сыйлықтар ұсынылды.
СӘМҚДД, Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту бөлімі