«ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СПИД-КЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ: ЖИТС – БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗГЕ ҚАУІПТІ»
30 қараша 2022 жылы тілдік пәндер кафедрасының ағылшын тілі секциясының лекторы Шойбекова А.Ж., ассистенттер Қайрақбаева Г.С., Абдикаимова Т.А. «Дүние жүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні: ЖИТС – біздің өмірімізге қауіпті» тақырыбында университет деңгейіндегі Даңқ Залында тәрбиелік іс-шара өткізді.
ЖИТС-тің алдын алу бойынша «1ші желтоқсан дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні: ЖИТС – біздің өмірімізге қауіп төндіреді» атты тәрбиелік іс-шараның тақырыбы университеттің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес құрастырылды.
Іс-шараға Жалпы Медицина Мектебінің 1 курс топтары 22-034, 22-040, 22-026, 22-037 және Фармация Мектебінің 1, 2 курс студенттері 22-040,21-029, 21-028 топтары қатысты.
Танымдық іс-шараның ашылуы «Адай» күйімен басталды. Қонақ ретінде аллергология, иммунология саласының маманы Тугулбаева Әлия Сансызбекқызы шақырылды. Іс-шара барысында презентацияларды дайындау және презентацияларды қарау «PowerPoint» бағдарламасы қолданылды.
Әлия Сансызбекқызы студенттерге АИТВ/ЖИТС, жұғу жолдары және инфекцияның алдын алу жолдары туралы ақпарат берді. Студенттер бұл тақырыпқа үлкен қызығушылық танытқандықтан аудиториямен пікір талас болды. Студенттердің көптеген сұрақтарына мазмұнды да жан-жақты жауаптар алынды.
Шарада «21 ғасырдағы ЖИТС – у» туралы өлеңдер айтылып, «ЖИТС (жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы)» туралы бейнероликтер, деректі ақпараттар көрсетілді. Қазақ тілінде «Сәби бақытты», «СПИД жойылсын» әндері орындалды. Жалпы Медицина мектебінің 22-034 тобының студенті Мамасапаева Бану қазақ биін биледі. Фармация мектебінің 1 курс студенттері «Жын мен періште» қойылымын көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстану, келеңсіз жағдайлардың алдын алу және «21 ғасыр – салауатты қоғам ғасыры» құру мақсатында өздерінің дұрыс таңдауын көрсетті.
Іс-шарада АИТВ/ЖИТС жұқпасының алдын алу жұмыстарының алдын алу бойынша әдістемелік ұсыныстар айтылып, ЖИТС туралы бейнероликтер көрсетілді. Фармация Мектебінің 2 курс студенттері СПИД туралы викторина және «Сіз СПИД туралы білесіз бе?» сауалнамасы түрінде интеллектуалды ойын өткізді.
Іс-шара үш тілде өтті және тәрбиелік мәні зор болды, студенттердің эмоционалдық және тәрбиелік ортасын дамытуға ықпал етті.