«Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі» қалалық форумы
5 наурыз 2026ж. Тұрақты даму мақсаттары мен мамандыққа кәсіби бағдарлау аясында, академик Т. Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Беисбекова А.Қ., Қожахметова А.Н. ұйымдастыруымен Алматы қ. №96 ЖББМ оқушыларының қатысуымен «Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі» 🥗 қалалық форумы өтті.
Шараның мақсаты: Тұрақты даму мақсаттарының 3-ші «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» және 4-ші «Сапалы білім» мақсаттарын жүзеге асыруда, мектеп оқушылары арасында салауатты тамақтануды насихаттай отырып, денсаулықты сақтаудағы дұрыс тамақтану әдеттерін, салауатты өмір салтын қалыптастыруды көздеді.
Шара барысында «Медицина», «Қоғамдық денсаулық» мектебінің студенттері дұрыс тамақтанудың маңызына тоқталып, интерактивті ойындармен балаларға болашақ дәрігерлер ретінде кеңестерімен бөлісті.
Мектеп оқушылары шараға өте жоғары деңгейде дайындықтарын көрсетіп, денсаулықтарын нығайтудағы зор құлшыныстары арқылы шара мақсатының толық жүзеге асқанын байқатты.






