«Дәрігер-ординаторының көмекшісі» өндірістік тәжірибесі
2014-2015 оқу жылында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4 курс студенттері үшін «Дәрігер-ординаторының көмекшісі» өндірістік тәжірибесі төрт облыстың (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан) 40 аса медициналық ұйымдарында өткізілді. Өндірістік тәжірибені бағалау және өткізуде, тәжірибеге жіберу алдында бірнеше бөлімшелер бірігіп үлкен ұйымдастырылған жұмыс атқарды: Оқу-әдістемелік жұмысының департаменті, Жалпы медицина деканаты, Клиникалық жұмыс департаменті, Петиатрия, №2 ішкі аурулар, хирургия және акушерлік оқу департаменттері, Тәжірибелік дағдылар орталығы, білім беру бағдарламасының профильдік Комитеті. Осы жұмыстар бойынша кездесулерде егжей-тегжейлі тәжірибе бағдарламалары қарастырылып әзірленді, тәжірибе күнделігі жаңартылды, тәжірибе жетекшілеріне/тәжірибе алушы дәрігерлерге арналған әдістемелік ұсынымдар жасалды. Біздің студенттердің өндірістік тәжірибеден өткен барлық өңірлердегі медициналық ұйымдарды – 4 курс бойынша декан орынбасарлары тәжірибенің өту орындарын бақылауды жүзеге асырды. 5 курс клиникалық кафедраның өкілдері, яғни тәуелсіз комиссия қабылдаған, осы тәжірибеден өтуді қорытындылауда тәжірибені қорғау диффренциалды сынақ түрінде өтті. Тәжірибені аяқтағаннан кейін студенттер өз пікірлерін қалдырды және сауалнама сұрақтарына жауап берді.
Студент пікірлері:
Нарынқол ауылының ауруханасына біз келгенде, бізді өте мейірімді және жақсы кісілер қарсы алды, бәрі осыдан басталды. Алғашқы күннен бас дәрігер және қызметкерлер құрамы жылы шыраймен қарсы алды. Біз үшін арнайы өте дәмді кешкі ас дайындалған дөңгелек үстел болды. Кешкі астан кейін бізді өте кең және таза, терезелері тау беткейлеріне қараған палаталарға орналастырды. Барлық қызметкерлер құрамы достық және сыйлы құрмет көрсетті. Бірінші рет бізге дәрігерлер және медициналық қызметкерлер өздерімен тең құқылы қарады, жай студент ретінде емес, дәрігерлер санатында қарады. Барлығы алдағы уақыттарда біздің сонда қалуымызды қалады.
Тарасов Роман, ЖМ 11-063-01,
Алматы облысы.
15.05.15-15.06.15 аралығында Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында тәжірибеден өттім. Тәжірибеден өту уақытысында науқастарға жетекшілік еттім, дәрігерлер конференцияларына қатыстым. Дәрігер-ординаторлары бізге құрметпен қарады. Осындай берілген мүмкіндіктер үшін Сізге рахмет.
Малабаева Динара, ЖМ 11-047-2,
Оңтүстік Қазақстан облысы.
15.05.15-15.06.15 аралығында Меркі ауданының ОАА тәжірибеден өттім. Жалпы алғанда тәжірибеден өту сәтті және жемісті болды. Тәжірибеден өту уақытысында барлық тәжірибелік дағдыларды үйрендім. Ауруханада барлығы жылы қабақпен қарсы алды. Дәрігерлер өте қайырымды және мейірімді. Дәрігерлердің кәсіптігі мен сауаттылығының арқасында маған тәжірибеден өткен өте ұнады.
Камал Меруерт, ЖМ 11-059-01
Жамбыл облысы.
15.05.15-15.06.15 аралығында Қызылорда облысының медициналық орталығы және облыстық перинаталдық орталығында тәжірибеден өттім. Тәжірибеден өту уақытысында науқастарға жетекшілік еттім, дәрігерлер конференцияларына қатыстым, ота жасауда ассистент болдым. Осындай берілген мүмкіндіктер үшін Сізге рахмет.
Абдулхамитова Жазира, ЖМ11-047-2,
Қызылорда облысы.
Сауалнаманың қорытындысы бойынша 81,9% жауап алынды (барлығы ЖМ 4 курс студенттерінің 956 жауап алынды), тәжірибеден өтуді ұйымдастырған өте жақсы, бірақ тәжірибеден өту орнында тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы сұрақтарын қарауды сұрап 75% студент өз пікірлерін қалдырды. Жалпы алғанда, барлық жауап алынған студенттер Университеттен алған білімдерін осы берілген мүмкіндікте барынша тәжірибелік дағдыларын жетілдіргендерін көрсетті.