Еліміздің медициналық ЖОО арасындағы бірегей болып табылатын Repository KazNMU қоры Webometrics Ranking of World Repositories әлемдік рейтингінде 3 орын иеленді
Webometrics Ranking of World Repositories 2016 жылға арналған шілде айындағы рейтингінің нәтижелері бойынша ҚазҰМУ-дың Қоғаммен байланыс басқармасы құрған және оның жетекшілігіндегі ҚазҰМУ репозиторийі, яғни ғылыми электрондық кітапхана, Қазақстан бойынша үшінші орынды және Азияда 403 орынды иеленді, ал әлемдік рейтингте 1914 орынды иемденіп отыр. Сондай-ақ, рейтингке кірген еліміздің медициналық ЖОО арасындағы бірегей репозиторий қоры болып табылады.
Аталмыш рейтингте Қазақстаннан 6 ЖОО ұсынылған. Бірінші орында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әлем бойынша 936 орын. Екінші орында Назарбаев Университеті, әлем бойынша 1848 орынды ұстап тұр. Үшінші орында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медцина университеті, ол әлем бойынша 1914 орында тұр.
Ғылыми электрондық кітапхана – бұл ғылымға және білім беруге бағытталған құжаттардың электрондық мұрағаты. Қазіргі уақытта ҚазҰМУ репозиторийінің жинағында толық мәтінді 11751 жарияланым бар: ғалымдардың мақалалары, конференция мен семинарлардың жинақтары, «ҚазҰМУ жарғысы», университеттің мерзімі басылымдары, университеттің ғылыми-блім беру қызметінің негізі қаланатын оқу-әдістемелік әдебиет. Webometrics Ranking of World Repositories рейтингінің басты мақсаты — өз сайттарында ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялау арқылы ғалымдар арасындағы ақпарат алмасуға ықпал жасау. Бұл рейтинг испандық Laboratorio de Internet зерттеу зертханасымен жылына екі рет – қаңтарда және шілдеде жасалады. ЖОО электрондық кітапханаларының рейтингі (Webometrics Ranking of World Repositories) үш категория бойынша жүргізіледі: порталдар рейтингі (Top Portals), университет репозиторийлері рейтингі (Top Institutionals) және университеттік тақырыптық репозиторийлер рейтингі (Top Repositories).
Рейтинг нәтижелері бойынша Webometrics Ranking of World Repositories сайтынан http://repositories.webometrics.info/en/Asia/Kazakstan сілтемесі арқылы таныса аласыз.
ҚазҰМУ ұжымын жоғары жетістігімен құттықтап, ғылыми және білім беру қызметінде зор табыстар тілейміз.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі