Елін сүйген, Елі сүйген, Елбасы!
1 желтоқсан Президент күніне орай С.Ж.Асфендияров атындағы медицина университетінің патофизиология кафедрасының доценті В.М Сабырахметованың ұйымдастыруымен жалпы медицина факультетінің 19-12-01 тобының студенттері «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кішігірім іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты студенттерді Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында студенттер тұңғыш президенттің өмірбаяны, отбасы, еңбек жолы мен жетістіктері жөнінде презентация дайындады. Лыканов Нұрсұлтан ұлттық аспабымыз домбырамен «Адай» күйін өте жоғары деңгейде орындап берді. Топ студенттері елбасымызға арнау өлеңдер мен өздерінің жылы лебіздерін де білдірді
Шара соңында кафедра меңгерушісі Балабекова Марина Қазыбаевна және шараны ұйымдастырушы доцент Сабырахметова Валентина Махсатовна топ студенттеріне алғыстарын айта отырып, олардың жігерін көтеретін жылы да жалынды сөздерін арнады.
Іс-шара өте жақсы деңгейде өтті.