Емдік дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша мемлекеттік сатып алу жарияланады «Аксай»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны келесі тауарлар бойынша сатып алуды жариялайды: Емдік дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар.
Тауар Алматы қ., Наурызбай ауданы, Тастыбулак ы/а, «Аксай» Университеттік клиникасына жеткізілуі тиіс.
Қажетті жеткізілім мерзімі тапсырыс берушіден өтінім түскеннен кейін 15 күнтізбелік күн аралығында.
Қатысу мумкіндігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысымен бекітілген 8-9 тармақшасындағы квалификациялық талаптар: «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу» ережесіне сәйкес кез-келген әлеуетті жеткізушілер қатыса алады.
Баға ұсынысын ұсынудың соңғы мерзімі 2017 жылғы 19мамыр, сағ. 10:00.
Өтінімдер бойынша конверттерді ашу 2017 жылы 19мамыр сағат 14:00-де келесі адрес бойынша өтеді: Бөгенбай батыр к., 151, 5-корпус, 101-кабинет.
Қосымша мәліметтерді келесі нөмер бойынша алуға болады: 8 (727) 338 70 98