Еслямбек Диляра Қуанышқызы 1 курс тфп, 024-2 группа
Мектеп кезінен бастап “Көктем аруы”, “Мектеп аруы”, “Бұрымды қыз” сияқты байқауларға қатысып келемін. Қоғамдық іс шараларда белсендімін. Мен бос уақытымда сурет саламын, аквагриммен айналысамын, кітап оқимын, шаш өремін, психологияға қызығамын, тәттілер пісіремін,түрлі курстарға қатысып жүремін, үнемі даму үстінде болған ұнайды. Juz40online орталығында биология пәнінің кураторымын.
Ұстанымым: “Ой жеткен жерге қол жетер”
Бас жүлде алған кезде ерекше сезімде болдым. Сол күні туған күнім еді, қуанышым еселене түсті. Алланың маған бұйыртқан сыйы болар деп қуандым. Мен сайысқа келген кезде жеңемін деп ойламадым, себебі 55 қыз әрқайссысы бір-бірінен өткен сұлу, шаштары ұзын болды. Бірақ өлшеген кезде менің шашымның ұзындығы 117 см болып ең ұзыны менікі болды. Сайыста қазақтыі әшекей бұйымдары, аңыз аналары, салт-дәстүрлері туралы сұрақтар болды.
Болашақта “Қазақ аруы” байқауына да қатысып бағымды сынап көргім келеді.