Жалпы гигиена және экология кафедрасының «Медициналық экология» оқу құралының ашылуы.
2019 жылдың 19 сәуір айында сағат 11.00 – де «Ұлттық Медицина Университетіні» акционерлік Қоғамының Ғылыми Кітапханасында Жалпы гигиена және экология кафедрасының «Эверо» баспасынан шыққан «Медициналық экология » оқу құралының ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанаты пресс-релиз бойынша өткізілді. Оқу құралының ашылу салтанатын Стратегиялық және корпаоративтік даму жөніндегі проректоры, фарм.ғ.д., профессор Датхаев У.М. берілді. Ашылу салтанатында бұл оқу құралын медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қолдана алатын айтып жеткізді. Оқу құралының авторы жалпы гигиена және экология кафедрасының м.ғ.д. профессоры, Европа және ресей ЖҒА академигі-Кенесариев У.И берілді.Автор бұл оқу құралында Экологияның негізгі түсініктері, коршаған орта факторларының классификациясы, экологиялық мәселелердің тұрғындар денсаулығына әсері, денсаулық пен аурушаңдықтың медициналық-экологиялық аспектілері, кауіп-қатерді талдау әдістемесінің негіздері, тұрғындар денсаулығына экономикалық кауіп-қатерді бағалау туралы толық жазылғандығы туралы айтып жеткізді. Ал пікір беруші Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Камалие М.А. бұл оқу құралы экологиялық факторларды ескере отырып,әр адамның өмір-сүру салтына,аурулардың нозологиялық формалары мен адамның генетикалық ерекшеліктері ескерілгендігін айтты. Ал жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі PhD., Кенесары Д.У. на бұл оқу құралын тек медициналық жоғары оқу орындарының студенттері ғана емес сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау және қоршаған орта қорғау саласындағы ғылыми қызметкерлерде қолдана алатындығын айтты. Университетіміздің Ғылыми Кітапхана басшысы Асанова А.Б «Медициналық экология» оқу құралдарының аса қажет екендігін куанышпен айтып кітапхана қорына авторлар кітаптарын сыйға берді. Ал библиография бөлімінің меңгерушісі Елеукенова С.А университетіміздің кітап қорында бар, профессор,академик Кенесариев У.И.тің 30 дан астам «Медициналық экология» кітаптарының улкене көрмесін дайындап, студенттермен таныстырды.