Жалпы медицина мектебінде 17 желтоқсанда «Желтоқсан еске алу жаңғырығы»ұлттық жаңғыру күніне арналған студенттік танымдық жиналыс өтті
2022 жылдың 13-желтоқсан күні С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің Жалпы медицина мектебі-1 және Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 17-желтоқсан ұлттық жаңғыру күніне орайластырған «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда» арналған студенттік танымдық жиын өтті. Жиынға «Жалпы медицина» мамандығының 1,2-курс студенттері қатысты. Арнайы қонақ ретінде Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің тарих факультетінің доценті, т.ғ.к. Ермуханов Еркін Нурадинұлы шақырылды. Жиын барысында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, т.ғ.к. Аққасов Бақытжан Қалиханұлы сөз сөйлеп ашып берсе, студенттер күй тартып, желтоқсан көтерілісі туралы рухқа толы өлеңдер оқыды. Желтоқсан оқиғасының бастан-аяқ қатысушысы ретінде Еркін Нураддинұлының айтқан шынайы мәліметтері студенттердің осы оқиға туралы танымын кеңейтіп, білімін еселеді. Өте рухани жағынана кемел кездесу болды.