Жалпы Медицина мектебі-1 ҚазҰМУ 2 курс студенті V Medical Global Forum-ға қатысты
2022 жылдың 11,12 қараша күндері Семей қаласында өткен Семей Медициналық Университетінің 70 жылдық мерейтойына арналған V Medical Global Forum-ға Жалпы медицина-1 мектебінің 2 курс студенті Атанжанова Динара Бахриддиновна қатысып арнайы алғыс хат алып, дипломмен марапатталды.
Форумның мақсаты – студенттердің зияткерлік және ғылыми дамуы, ғылыми-зерттеу қызметіндегі жас ғалымдар мен мамандардың үздік жетістіктерін көрсету, студенттер мен медицина саласындағы мамандар арасында тәжірибе алмасуды қалыптастыру.