Жалпы медицина факультетінің Cтуденттік Үкіметі ұйымдастырған «Қайталанбас дара тұлға – Мұқағали» атты әдеби-шығармашылық сайысы өтті
Ақпан айының 9-шы жұлдызында қазақ елінің дара әрі дана ұлы,қара өлең ұйқасында алдына жан салмайтын,шығармаларында тек шындықты баяндайтын,мұңайғанда мұңдасар,ашылмайтын сырды ашар өлеңдерімен дүйім жұрттың сүйіктісі болған,ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығыРеспубликалық деңгейде аталып өтті.Соған орай «Жалпы медицина» факультетінің Студенттік Үкіметінің ұйымдастыруымен,«АМАНАТ» студенттер кәсіподағыныңқолдауымен «Қайталанбас дара тұлға – Мұқағали» атты әдеби– шығармашылық сайысы өткен болатын.
Бұл додаға университетіміздің 1,2,3 – курс студенттері белсене қатысты.Сайысқа қатысам деушілер саны көп болғандықтан, алдын – ала іріктеу туры болды.Ақтық сынға ең мықтылары ғана өтті.
10-шы ақпандаДаңқ залында қатысушыларымызбар өнерлерін ортаға салып бақ сынасты. Студенттердің өмірлік таңдауы медицина болса да, жандары өнерден еш алшақ еместігін дәлелдеді.
Сайыс үш бағыт бойынша өтті: «Көркем сөз шеберлері», «Ақындар мүшәйрәсі», «Күміс көмей әншілер».
Сайыс нәтижесінде «Көркем сөз» бағыты бойынша Борибаева Майра І орын, Сауытханов Шаттық ІІ орын, Бейсенбай Жұлдыз ІІІ орынға ие болды.
Ақындар арасынан Махсотов Бақытжан оза шапса,Ақылбек Ғани ІІ орын,Бегалы Жангелді ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Әншілер де барлығын таң қалдырды.Бірі жанды дауыспен айтса,бірі домбырамен,тағы бірі гитарамен ән шырқады.Күміс күмей әншілер арасынан Бабахан Сержан І орын, Илияс Әділет ІІ орын,Сармырза Гүлстан ІІІ орынға ие болды.
Міне,осылайша Мұқағали атамыздың құрметіне жасалған кешіміз өз жеңімпаздарын тапты.Жастарымыздың жүрегінде даналарымызға деген,өнерге деген махаббат оты сөнбесе екен.
«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»