Жалпы медицина-1 мектебінің биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасының ассистенті Молдагалиева Динара Жексенбиновна ұлттық қоғамдық қайырымдылық аясындағы «Алтын Жүрек» сыйлығының иегері атанды
Жалпы медицина-1 мектебінің биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасының ассистенті Молдагалиева Динара Жексенбиновна ұлттық қоғамдық қайырымдылық аясындағы «Алтын Жүрек» сыйлығының иегері атанды.
«Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының ұйымдастырушылары 17 жыл қатарынан еліміз бойынша нағыз мейірбан, жаны жомарт жандарды іздеп келеді. «Қайырымдылық» сынды асыл қасетті бойларына сіңірген алтын жүректерге алғыс айтып ел алдында мадақтап, марапаттап жүр.
Аталмыш шара жылсайын «Baurzhan» қорының бастамасымен, «Нұр Отан» партиясы, «ПетроКазахстан» АҚ және Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.
Осы жылдар ішінде «Алтын жүрек» – қайырымдылықтың нышаны іспеттес, қазақ халқының мейірімді әрі атымтай жомарт жандарға бай екенін байқатып келеді.