«Жалпы медицина-2» мектебінің студенттері дағдыларды машықтауда
«Жалпы медицина-2» мектебінің 4,5 курс студенттері 21.09.2020 ж. бастап құрылған кестеге сәйкес, сонымен бірге, 6 курс білім алушылары 1.09.2020 жылдан бастап Симуляциялық орталықта ЖОБ негізге ала отырып, пән оқытушыларының тікелей нұсқауымен тәжірибелік дағдыларды үйренуде. Симуляция орталығы нақты медициналық жабдықтармен және құралдармен, мамандандырылған тренажерлар жиынтығымен, муляждармен, имитациялармен, электронды фантомдармен, муляждармен, VI буын реализмнің робот-муляждарымен жабдықталған, оның ішінде: Аполлон, Афина, Ноэль, Арес төтенше жағдайлар көмек симуляторы, TeamSim командалық жаттығу тренажеры және басқа манекендер, дәрігерлердің тәжірибесінде әртүрлі төтенше жағдайларды мамандықтары бойынша модельдеуге мүмкіндік алып, алған білімдерін жалпы дәрігер, хирургия, акушерия және гинекология, терапия және тағы басқалары да бойынша дағдылар арқылы шыңдап, тәжірибемен ұштастыруда.
«Жалпы медицина-2» мектебінің 4 курс студенті Айтбаева Ақалтын: «Симуляциялық орталықта ұйымдастырылған дағдылы сабақтарға дән ризамын. Осы орталықтан алған білімімді тәжірибемен ұштастырып, одан әрі бекіттім. Өте қуаныштымын. Осындай жағдай жасаған университетімізге алғысымыз шексіз!»
«Жалпы медицина-2» мектебінің 5 курс білім алушысы Жұбандықов Заңғар: «Деканаттың қойған кестесіне сәкес менің тобым 21.09.2020ж бастап тәжірибелік дағдыларды СО өттік. Орталықта жаңадан бірнеше заманауи муляждар, манекендермен жабдықталған екен. Сабақ өте қызықты, себебі тікелей науқастармен байланыста сияқтысың. Дер кезінде көмек көрсете алмасаң науқастың жағдайының төмендегенін немесе жақсарғанын көрсететін, әртүрлі талдаулар жүргізуге, емдік шаралар қолдануға өте ыңғайлы VI буын реализмнің робот-муляждарымен жабдықталған екен. Студенттердің әлеуметтік қашықтық сақталған, қазіргі емдеу –сауықтыру орталықтарындағы карантин жағдайын ескерсек, болашақ дәрігер үшін осы орталықта маңызы зор».
«Жалпы медицина-2» мектебінің 6 курс студенті Бекен Әсем: «Оқу жылы басталғалы осы кезеңге дейін алған білімдерімізді, орталықта тәжірибе жүзінде жүзеге асырудамыз. Кейбір дағдыларды тереңнен тану үстіндеміз. Жасалған жабдықтар – тікелей науқастарға жүргізгендей сезініп жатырмыз. Біз өте қуаныштымыз. Осындай шабытпен біз әрқашанда алғамыз!»