Жалпы практикалық дәрігер жұмысындағы әлеуметтік маңызы бар аурулар: пәнаралық аспектілер
2025 жылдың 11 сәуірінде Алматы қаласында денсаулық сақтау саласына маңызды іс-шара өткізілді, атап айтсақ, халықаралық қатысумен Республикалық ғылыми-практикалық конференция. Жалпы практикалық дәрігерлердің құзыретін одан әрі нығайту және өңірлерді білікті медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылды Біліктілікті арттыру жылы деп жариялағаны белгілі. Ғылыми-практикалық конференцияны өткізу жалпы практикалық дәрігерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру жолдарын іске асырудың жалғасы болды. Аталмыш конференцияны С.Ж. Асфендиров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің қолдауымен, №2 Жалпы медицина мектебі, №2 Жалпы дәрігерлік практика кафедрасы, ҚР ДСМ Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, ОО «Неонатологтардың медициналық қоғамы және балалар медицинасының мамандары» бірлестігі ұйымдастырды және ҚазҰМУ-дың 95 жылдығына арналды. Конференцияға Қазақстанның – Астана мен Алматы қалаларының, сондай-ақ Беларусь Республикасының жетекші сарапшылары қатысты.
Конференцияда спикерлер отбасылық дәрігерлер үшін өзекті тақырыптарға баяндамалар оқыды, олардың ішінде – «АМСК педиатриялық көмекті ұйымдастыру стандарттары», «Жиі ауыратын балалар», «Инсульт және жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларының алдын алу», «Туберкулезді анықтау және диагностикасы», «Балалардағы ергежейлілік патологиясына пәнаралық көзқарас», «Бронх демікпесі емі», «Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар науқастарды басқару» және де басқа тақырыптар.
Конференция соңынла қаулы қабылданып, негізгі стратегиялық пікірлер айтылды.
Жалпы практикалық дәрігер жұмысындағы әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша өткен Республикалық ғылыми-конференция, үздік сарапшылармен кездесіп, олардың баяндамаларын тыңдап, отбасылық медицинадағы бағыттарды талқылауға, кері байланыс алуға тамаша мүмкіндік берді және жалпы практикалық дәрігерлер өздерінің біліктілігін арттырды.