Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының жергілікті бюджет қаражаты есебінен одан әрі оқу үшін жергілікті атқарушы органдардың грантына ақылы негізден ауысуға арналған конкурс
«С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ-да ақылы негізде Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының барлық білім алушылары жоғары білім алу процесінде босаған ЖАО бос білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға тілек білдірушілерге 2023 жылдың 6 желтоқсанынан бастап 2023 жылдың 30 желтоқсанына дейін Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының ЖАО білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға өтініш беруі қажет (Қосымша 1).
– ЖОО басшысының атына өтініш жазу және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тіркеу (сканерленген құжаттарды декан орынбасарының электронды почтасына жіберу және құжаттардың түпнұсқасын деканатқа өткізу қажет);
– Жамбыл, Алматы, Жетісу облысында тұратыны растайтын құжат;
– Орта білім туралы Аттестат;
– АИС «Сириус»-тағы жеке кабинеті арқылы «Білім грантына өтініш беру» қосымшасынан өтініш беру.
Көрсетілген күннен кейін құжаттар қабылданбайтынына назар аударыңыз.
Қосымша -1
Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары бойынша грант саны
№ | Мамандық атауы | курсы | Грант саны | Облысы |
1 | ВМ086-Mедицина | 2 | 1 | Жетісу облысы |
2 | В086-Жалпы медицина | 4 | 1 | Жамбыл облысы |
3 | В086-Жалпы медицина | 5 | 1 | Жамбыл облысы |
4 | ВM088-Педиатрия | 2 | 1 | Алматы облысы |