Жасанды буынмен коньки немесе шаңғы тебуге бола ма?
Заманауи медицинада науқастарға буынды имплантациялау бұрыннан қолданылған. Көбінесе жамбас және тізе буындары тозуға ұшырайды. Оның себептері жарақат, артық салмақтан болатын жүктеме, қартаю сияқты әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен, имплантациялаудан кейін науқастарда жаңа жасанды буындар қаншалықты берік деген орынды сұрақ туындайды? Басқаша айтқанда, олармен толыққанды өмір сүруге бола ма?
Қазақстан травматологтар қауымдастығының вице-президенті, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі Қанат Тезекбаев заманауи протездердің беріктігі жеткілікті және науқастардың белсенді өмір сүруін қалыпқа келтіруге қабілетті екенін айтады. Бір ғана маңызды нәрсе бар, сақ болу қажет.
«Заманауи протездер орта есеппен 10-20 жылға дейін, кейде одан да көп қызмет етеді. Менің бір және екі протезі бар науқастарым, таныстарым бар. Олар коньки, шаңғы тебеді, жүзумен айналысады. Бірақ мұның бәрінде қалыпты жүктеме болуы қажет. Буындардың орналасуының шамадан тыс өзгеруі дислокацияны тудыруы немесе шиеленісті күшейтуі ауырсынуды тудыруы мүмкін. Шектеулер бар, бірақ айтарлықтай емес. Адам протездермен белсенді өмір сүре алады. Ең бастысы, олар протездерді орнатқаннан кейін белсенді өмір салтын ұстануға, ұйықтауға кедергі келтірген ауырсынулардан арылады. Яғни, протездерді орнатқаннан кейін олардың өмір сүру сапасы сөзсіз жақсара түспек», – дейді Қанат Тезекбаев.