«Жастардың таңдауы – Әділетті Қазақстан!»
2023 жылдың 7 ақпан күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Даңқ Залында әлеуметтік-тәрбие жұмыстары департаментінің ұйымдастыруымен «Жастардың таңдауы – Әділетті Қазақстан!» атты тақырыпта сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестіктің Алматы қалалық филиалының директоры Б.Е.Макулбаевпен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау және іске асыру болды.
Кездесуді С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ проректоры У.М.Датхаев ашып, жүргізіп отырды. Ол, өз сөзінде: жемқорлық – кез келген мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын індет, сондықтан оны тоқтатпайынша мемлекетте өсіп-өркендеу болмайды. Мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығына қатер төндіретін сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңыздылы өте жоғары екендігін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою мақсатында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де жыл бойы біраз іс-шаралар өткізгендігін айтып өтті.
Кездесуге қатысқан «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестіктің Алматы қалалық филиалының директоры Б.Е.Макулбаев: «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын қолдау мақсатында 2020 жылғы 18 қараша күні құрылғандығын, барлық өңірлерде филиалдар арқылы
белсенді жұмыс жүргізілетіндігін, объективтілікті қамтамасыз ету үшін тек жеке ұйымдардан қаржыландырылатындығын, ұжым адам құқықтары саласындағы білікті мамандар мен тәжірибелі заңгерлерден құралғандығын айтты. Сонымен, қатар «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарған жұмыстарымен таныстырып өтті.
Іс-шара соңында сөз алған С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әлеуметтік-тәрбие жұмыстар департаментінің басшысы С.К.Махмутов: сыбайлас жемқорлықты жою – бұл тек қана мемлекеттің мүддесі мен міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір азамат бұл мәселеде алаңдаушылықты сезінуі тиіс, ешкім бұл зұлымдықпен күресте бейтарап қалмауы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам мен мемлекет бірігуі керек. Сонда ғана сыбайлас жемқорлық фактілері азаяды деп кездесуді қорытындылап, келген қонақтарға алғысын айтты.