ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
2019 жылы 09 қазан күні Университетте Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен болашақ кәсіп бастаушы жастардың бизнес сауаттылығын ашуға арналған «Кәсіп алаңы» атты бір күндік мотивациялық курсы болып өтті.
Оған стоматология, фармация және жалпы медицина мектептерінің 4-5 курс білім алушылары ұйымдасқан түрде қатысты.
Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері Биржан Сериков «Маңызды дағдылар» және Ғани Абадан «Бизнеске махаббатпен» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Келген қонақтар тыңдаушыларға бизнесті жоспарлау барысында өз орныңды қалай белгілеуге, алғашқы капиталсыз өз ісіңді қалай ашуға, бизнестің қалыптасуы кезінде клиенттерді қызықтыру мен ұстап қалу үшін не істеуге болатыны жайында сөз етті.
Ғани Абадан өз ісін бастап жатқан кәсіпкерлердің тәжірибесінен туындайтын қиындықтары мен жіберілетін қателіктері туралы әңгімеледі.
Білім алушылар кездесу тақырыбына зор қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып толықтай жауап алуға мүмкіндіктері болды.
Жастар саясаты басқармасы