«Жас биоинформатик» үйірмесі
2025 жылдың қаңтар айынан бастап Микробиология және вирусология кафедрасында «Жас биоинформатик» үйірмесі жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Үйірме сабақтары деректерді талдаудың ең танымал құралдарының бірі — R Studio көмегімен биоинформатика негіздерін және статистикалық деректерді өңдеу әдістерін қамтиды.
Деректерді талдау дағдыларын дамытып, ғылым мен технология саласында жаңа бағыттар ашқысы келетін студенттерді шақырамыз.
Үйірмеге жазылу үшін 1 оқу корпусындағы 263 кабинетке келуіңізді сұраймыз.