«Жас Отан» Жастар қанатының Алматы қалалық филалының төрағасы А.Б. Халбековпен кездесу
2015 жылдың 21 сәуірі күні «Concordia» театрында университет ректоры А.А.Ақановтың қатысуымен студенттердің «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филалының Төрағасы А.Б. Халбековпен кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында Жас Отан Жастар қанатының АҚФ Төрағасы А.Б.Халбеков Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс өткізілген ІІІ съезді туралы айтып өтті. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен келген 2000 делегат қатысқандығын, олардың ішінде «Жас Отан» Жастар қанатының өңірлік филиалдарының өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, шығармашылық, ғылыми, жұмысшы және ауыл жастарының өкілдері, әйгілі қазақстандық спортшылар, мәслихат депутаттарының Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен кездесіп, алдағы уақытқа жаңа идеяларымен келгендерін ықыласпен білдірді.
Кездесуге Алматы қалалық қоғамдық штабының мүшелері қатысты:
Алиев Азиз Зияевич – Қазақстан халықтарының Ассамблеясының өкілі;
Ерғалиева Аманбике Усербайқызы – Алматы қалалық мүгедектер ассоциациясының төрағасы, қалалық қоғамдық штабының мүшесі;
Төсекбаев Қанат Дуйсенбайұлы – қалалық қоғамдық штабының мүшесі, «Алматы» сауықтыру орталығының меңгерушісі, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі;
Жауынбай Таңшолпан Луттайқызы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4 курс студенті, «Жас Отан» Жастар қанаты АҚФ белсенді мүшесі;
Жайнақ Дастан – «Сенсация» командасының басшысы,«Жас Отан» Жастар қанаты АҚФ ІІІ съездінің делегаты.
Сонымен қатар, съездге қатысқан делегат қонақтарымыз да «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудағы жастардың рөлін талқылап, «Жас Отан» Жастар қанатының 2020 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдағандығын айтып университетіміздің студент жастарына
- Біз әрбір жас азамат өз өмірінде табысқа қол жеткізе отырып, еліміздің өркендеуіне ықпал етеді деп есептейміз.
- Тек ұлттық идея төңірегінде біріге отырып қана біз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіреміз.
- Жастық және лидерлікке ұмтылу – бұл «Мәңгілік Елдің» сарқылмас қозғаушы күші.
- Біз жастардың Елбасының Мемлекеттік бағыты мызғымастығының және XXI ғасырда Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі екеніне сенімдіміз- деп өз ойларын жеткізді.
Кездесу соңында А.Ақанұлы университетіміздің барша студент жастарын 2015 жылдың 26 сәуірде болатын ҚР Президентін сайлауға шақырды.