«Жас Отан» Жастар қанатының ІІІ-ші кезектен тыс съезді
«Жас Отан» Жастар қанатының ІІІ-ші кезектен тыс съезді
2015 жылдың 9-10 – шы сәуір күні Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаевтың қастысуымен өткен «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс ІІІ-ші Съезді болып өтті.
Осыған орай,Cтуденттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің қолдауымен Университетіміздің Студенттік Үкіметінің төрағасы, Стоматология факультетінің 4-курс студенті, Университетіміздегі «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Бөріхан Ерболат қатысты.
СъездеЕл басы жастарға үш тұғырлы тіл төңірегінде, ұлттар бірлігі жайлы, отансүйгіштік, ұлтжандылық және толеранттылық тақырыптарында сөз қозғады. Әрине мемлекет дәрежесіндегі сұрақтарда қапы қалмады. Экономикалық, саяси, діни тұрақтылық жайындағы көптеген сұрақтарға жауап берді.
Биыл Елімізде тойланатын Қазақ хандығына 550 жыл, Жеңіске 70 жыл, Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығы төңірегіндегі іс-шараларға белсене қатысуға шақырды. Бізде қапы қалмай Елбасының айтқан өнегелі сөздерін студенттерімізге жеткізуіміз керек. Ел болашағы біздің қолымызда. Ел басымен бірге-жаңа жетістіктерге жете берейік.