Жас ғалымдардың халықаралық конференциясы «ONLY ENGLISH: ADVANCES IN MEDICAL RESEARCH AND PRACTICE CONFERENCE»
2025 жылдың 24 қазанында Ташкент Мемлекеттік Медицина Университетінде (ТММУ) «Only English: Advances In Medical Research And Practice Conference» атты жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтті. Бұл конференцияға С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ҚРМУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Ясауи атындағы Халықаралық Университеттің жас ғалымдары мен олардың жетекшілері қатысты.
С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дан баяндамашылар Сисенбердиева Томирис, Сабыркей Диас, Жарылкасынова Диана, Сандибекова Аида, Махешвари Маянк, Алимова Милана және Вилдан Индершиев болды. Ғылыми жетекшілері профессорлар А.Т. Мусаев, Жанкалова З.М., Нургалиева Ж.Ж. және Балабаева М.К. қатысты.
С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жас ғалымдары – бірінші курс резиденті Сабыркей Д., екінші курс студенті Сисенбердиева Т. және магистрант Сисенбердиева А. – екінші орын алды. Олардың ғылыми жетекшісі профессор Мусаев А.Т. конференцияны ұйымдастыруға қосқан үлесі мен белсенді қатысқаны үшін ТММУ ректорынан алғыс хат алды.
Конференция аясында конференцияға қатысушылармен және олардың жетекшілерімен, сондай-ақ ТММУ басшылығымен – ғылыми-зерттеу және инновация жөніндегі проректор Азизовамен Ф.Л., академиялық істер жөніндегі проректор Хайтовпен К.Н., профессор оқутушылар құрамымен – профессорлар Алиева Н.Р. мен Ахметова Д.И., ассистенттер Попенков А.В. және басқалармен жұмыс кездесулері өтті. С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Шоранов М.Е. пен ТММУ ректоры Боймурадов Ш.А. қол қойған меморандум аясында бірлескен ғылыми жұмыстар одан әрі жоспарланды.













