Жатақхана туралы маңызды ақпарат
Құрметті абитуриенттер!
Университет әкімшілігі келесі ақпаратты хабарлайды:
- Жатақханадан орын алуға өтінімдерді қабылдау университетке қабылданғаныңыз туралы бұйрық шыққаннан кейін жүзеге асырылады;
2. Бұйрық шыққаннан кейін білім алушыларға «Сириус» ААЖ оқу платформасына кіретін логин/пароль беріледі, сонда тіркелу қажет. «Жатақхана» бөлімінде өтінімді дұрыс беруге арналған нұсқаулық берілген;
3. Өтінімді жіберген кезде міндетті 3 құжатты жүктеу қажет:
- туу туралы куәлік;
- жеке куәлік;
- Алматы қаласында жылжымайтын мүлкіңіздің жоқтығы туралы анықтама.
Студенттер жатақханалары туралы ережеге сәйкес, жатақханадан орын төмендегі критерийлер бойынша беріледі: - жетім қалған білім алушы; ата-ана қамқорлығынсыз қалған білім алушы, егер ата-анасының біреуі қайтыс болған болса; ата-анасының біреуі ғана тәрбиелеп отырған білім алушы (жалғызбасты ана немесе жалғызбасты ата-ана мәртебесі бар адам);
- мүгедектігі бар білім алушы; ата-анасының біреуінде немесе екеуінде де мүгедектік болса;
- отбасында ата-анасының біреуі Ауған соғысының қатысушысы, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушысы болып табылатын отбасыдан шыққан білім алушы;
- «Алтын белгі» иегері;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы отбасыдан шыққан білім алушы;
- көп балалы отбасынан шыққан білім алушы;
- ата-анасының біреуі немесе екеуі де жасына байланысты зейнеткер болыып табылатын отбасыдағы білім алушы;
- білім алушы қандас;
- шетелдік азамат.
- Егер 1 курс білім алушысы жоғарыда атап келтірілген критерийлердің бірде-біреуіне сай келмесе, оның өтінімі кезек тәртібімен қарастырылады.
6. 1 курс білім алушылары келесі жатақханаларға орналастырылады:
жалпы медицина мектебі – № 2 жатақхана (жылына 130 000 тг.);
фармация мектебі – № 4, 5 жатақхана (жылына 150 000 тг.);
стоматология мектебі – № 3 жатақхана (жылына 150 000 тг.);
педиатрия мектебі – № 8 жатақхана, Б блогы (жылына 190 000 тг.);
қоғамдық денсаулық сақтау мектебі мектебі – № 8 жатақхана, С блогы (жылына 190 000 тг.);
- Өтінімі мақұлданғаннан кейін, білім алушы жатақханадан бөлмені өз бетінше таңдайды және жатақханаға қоныстану үшін жолдама алуға мақұлдау алады, міндетті түрде ЭЦҚ кілт арқылы (ноутбук немесе компьютер арқылы, толтыру жөніндегі нұсқаулық) электронды нұсқадағы шартты толтырады, Сириус ААЖ-де ЭЦҚ көмегімен шартқа қол қояды және осы оқу жылы үшін ақы төлейді (Kaspi.kz және Halyk bank).
8. Қоныстанар алдында білім алушы Шевченко көшесі, 126 мекенжайында орналасқан университет клиникасында, сондай-ақ, студенттер қалашығы аумағында орналасқан медициналық пункттерде қабылданатын қажетті талдауларды тапсыруы керек.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/жатақхана-туралы-маңызды-ақпарат/