Жақыпбеков Қайрат Сапарханұлын «Үздік маман – 2025» республикалық байқауындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
2025 жылы 13 маусымда Астана қаласында, Медицина қызметкерлері күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Үздік маман – 2025» атты республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Байқау 17 номинация бойынша ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы бойынша «Үздік денсаулық сақтау саласындағы ғалым» номинациясында Жақыпбеков Қайрат Сапарханұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының меңгерушісі – лайықты жеңіске жетті.
Қайрат Сапарханұлы Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы мен ғылымының дамуына зор үлес қосып келе жатқан көрнекті ғалым.
«Үздік маман – 2025» байқауындағы жеңісі 500 АЕК көлеміндегі сертификат пен дипломды табыстаумен расталды.