Жаңа маусым – жаңа жетістіктер
Алғаш рет “Жасыл ел ” жастар еңбек жасағын құру жайындағы жоспарын елбасымыз 2005 жылы 18ші ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында жеткізген еді.Міне содан бері 13 жыл ішінде “Жасыл ел ” еңбек жасақтары өз алдына қойылған тапсырмаларды сəтті орындап келеді: осы жылдарда студенттер оқу орындарына қарасты бақшалар мен саябақтар айналасын көгалдандырылып, ағаш питомниктерімен жəнеде ұлттық саябақтарды қоқыстардан тазарты.
Осы жылы “Жасыл ел” жастар еңбек жасағының əрбір мүшесі жатын орын жəне тамақпен қамтамасыз етіледі.
27 мамыр күні көптен күткен XIII маусымның ашылу салтанаты өтті. Салтанатты ашылу Жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен, “Медеу” өңірлік табиғи кешенінде өтті. “Жасыл қала” атты акциясы бойынша алғашқы тазарту жұмыстары жүргізілді.
Жасыл ел жастары еңбек жасақтары құрамына арнайы қабылдау рәсімінде, Əрбір командирлерге жеке жеке ту табысталды . Олар тазалық жаршылары ретінде жүктелген міндетпен тапсырманы абыроймен ақтап шығуға сөз берді .
Биылғы жылы еңбек жасақтарының қатарындағы жауынгерлер саны 975ке жеткен. Олар Əл Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Satbaev University, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ҚазМҚПУ , КазГаса сынды жоғарғы оқу орындарының студенттерімен жасақталған.
Мерекелік іс шара өнерлі жастардың қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.