«Жеке ғылыми мақала дайындауға Springer қорларын қолдану» семинары бойынша есеп
«Жеке ғылыми мақала дайындауға Springer қорларын қолдану» семинары бойынша есеп
Профессорлар-оқытушылар құрамының ғылыми қызметінің беделін жоғарылату, сонымен қатар халықаралық рецензияланған журналдарға ғылыми жарияланымдарды жазуға ынталандыру және жарияланымдық қызметінің белсенділігін жоғарылату мақсатында Б.Атшабаров атындағы ІҚМ ҒЗИ ҒЗЖ менеджменті және инновациялар бөлімі ғылыми кітапханамен біріге отырып, «Жеке ғылыми мақала дайындауға Springer қорларын қолдану» семинарын өткізді.
2015 жылдың 5-7 қазан аралығында Қазақстан Республикасы бойынша Шпрингер менеджері Александрова Ирина профессорлар-оқытушылар құрамына Springer электрондық қоры бойынша бір күндік практикалық семинарларын өткізді.
Докторанттар мен магистранттар сияқты профессорлар-оқытушылар құрамы да өздерінің ғылыми мақалаларын дайындауға Springer қорларын қолдану бойынша практикалық дағдыларын үйренді, сонымен қатар: «Ғылыми нәтижелерді жариялауға журналдарды қалай іздеу керек?», «Сапалы мақаланы қалай дайындау керек?», «Зерттеулердің бағыттары аясында мақалалар мысалыдағы талдау» және «шетелдік рейтінгі жоғары журналдарында мақаланы қалай жариялау керек?» сияқты сұрақтары да қарастырылды.
Семинарға 132 оқытушылар мен қызметкерлер қатысты. Семинар соңында кері байланыс үшін семинар қатысушыларына бағалау парақтары таратылды.
Бағалау парақтары бойынша семинарды өткізуді бағалау талдауы іс-шараның екпінді жағы ретінде тақырыптың өзектілігін, материалдың жан-жақты, айқын мазмұнын жіне заманауи стилін, презентацияның көрнекілігін және сапалылығын, сондай-ақ жұмыста қолайлылығын, қатысушылардың 75% көрсетті. Компьютерлердің нашар жұмысын және аудиторияның техникалық қамтамасыздығын, сонмыен қатар уақыттың жетіспеушілін қатысушылардың үштен бір бөлігі көрсетті.
Қатысушылардың 40% ҒЗЖ жоспарлағаны туралы, 56% бағдарламаға қызығушылығы туралы, ал материалдарды жариялайтыны туралы тек 3% семинарға қатысу себебін көрсетті.
Семинар қатысушылары мақалаларды жариялауға нақты мысалдармен семинар ұйымдастыруға, және де компьтерлердің техникалық ақауларын жою бойынша өздерінің ұсыныстарын берді. Қатысушылар семинарды ұйымдастырған ҒЗЖ менеджменті және инновациялар бөліміне және қызықты, жеңіл, мазмұнды ақпарат берген дәріскерге алғыстарын білдірді.